"Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мөлшерін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы N 310 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 желтоқсанда N 3006 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мөлшерін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 4 қыркүйекте № 13-13-111 болып тіркелді, 2009 жылдың 28 қыркүйектегі № 39 (7034) «Ел тынысы», 2009 жылдың 28 қыркүйектегі № 39 (7034) «Шұғыла» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «1. Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метріне 36,65 (отыз алты теңге алпыс бес тиын) теңге мөлшерінде төлемдердің көлемі белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының әкімі

А.Төрегелдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады