2009 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында аудан аумағындағы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 98 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 мамырда N 13-14-75 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 7 қазандағы N 238 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011.10.07 N 238 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, “Әскери міндет және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 19-бабы 3 тармағына, 20-бабы 1-тармағына, “Әскери қызметінің белгіленген мерзімін атқарған жедел әскери қызметінің әскери қызметкерлерін запасқа босату туралы және 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарының жедел әскери қызметке кезекті шақырылуы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, кейінге қалдырылған немесе әскерден босатылуға құқықтары жоқ ер азаматтарды, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімде әскери қызметті атқармаған, сонымен қатар оқу мекемелерінен шығарылған азаматтарды, 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің ішкі әскери қатарға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланға, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне аудан аумағында жедел әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Әскерге шақыруды өткізу үшін қосымшаға сәйкес құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. Орталық аудандық аурухана (келісім бойынша):
      1) әскерге шақырылушылардың және талапкерлердің, әскери оқу орындарына түсетіндерді медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар және орта медициналық персонал құрамынан қажетті маман-дәрігерлер бөлсін;
      2) медициналық комиссияны қажетті дәрі-дәрмек және құрал-сайманмен қамтамасыз етсін;
      3) қажет болған жағдайда әскерге шақырылушылардың қосымша медициналық зерттеуін қамтамасыз етсін, ол үшін қажетті санды керует -орнын бөлсін.
      4. Ауданның қаржы бөлімі әскерге шақыруды өткізу үшін аудандық қорғаныс істері бойынша біріккен бөліміне бөлінген қаржы бөлу шегінде уақытында ақша қаражатының бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. «2009 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыру туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 75 қаулысының күші жойылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Кузичева Елена Петровнаға жүктелсiн.
      7. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкiмi                                А. Әмрин

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 5 мамыр № 98
қаулысына қосымша

Шақыру комиссиясының құрамы

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009.09.15 N 188 Қаулысымен

Мұратбеков                  - комиссияның төрағасы,
Рамазан Рашидович           Шал ақын ауданының Қорғаныс
                            істері бойынша біріккен бөлімінің
                            бастығы (келісім бойынша)

Кузичева                    - комиссия төрағасының орынбасары,
Елена Петровна              аудан әкiмiнiң орынбасары

Комиссия мүшесі

Ескендіров                   - Шал ақын ауданының ішкі істер
Мұрат Қадырұлы               бөлімі бастығының орынбасары (келісім
                             бойынша)

Әбдімәлік                     - медициналық комиссияның төрағасы,
Бауыржан Әбдімәлікұлы         орталық аудандық аурухананың бас
                              дәрігері (келісім бойынша)

Шекенова                    - комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Балдырған Шәпешқызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады