"2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында аудан аумағында жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдан № 98 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 188 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қазанда N 13-14-85 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 7 қазандағы N 238 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011.10.07 N 238 Қаулысымен

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздан № 213 Заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында аудан аумағында жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдан № 98 қаулысына (2009 жылы 29 мамырда № 22 "Новатор", 2009 жылғы 29 мамырдан № 21 "Парыз" газеттерінде жарияланған, Шал ақын ауданының әділет басқармасында 2009 жылдың 15 мамырдан № 13-14-75 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі Біріккен бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Мұратбеков Рамазан Рашидұлы, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Әбдімәлік Бауыржан Әбдімәлікұлы, ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Ескендіров Мұрат Қадырұлы шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін;
      шақыру комиссиясының құрамынан Чепухин Сергей Иванович, Хинизов Сабыр Махаммадұлы, Есенғожин Әлібек Сәлімұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулының көшірмесі қосымшаға сай жаңа басылымда жариялансын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Кузичева Елена Петровнаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған кезден бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін іске енеді.

      Аудан әкiмi                                А. Әмрин

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Орталық аудандық                           С.М. Хинизов
      аурухананың бас дәрігері

      Шал ақын ауданының                         Л.М. Мұқамеджанова
      қаржы бөлiмiнiң бастығы

      Шал ақын ауданының қорғаныс істері         С.И. Чепухин
      бойынша Біріккен бөлімінің бастығы

      Шал ақын ауданының                         А.Н. Шоқыбаева
      аудандық емханасының бас дәрігері

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 қыркүйектегі № 188
қаулысымен бекітілді

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 5 мамырдан № 98
қаулысымен бекітілді

Шақыру комиссиясының құрамы

      Мұратбеков               - комиссияның төрағасы,
      Рамазан Рашитұлы           Шал ақын ауданының Қорғаныс істері
                                 бойынша біріккен бөлімінің бастығы;

      Кузичева                 - комиссия төрағасының орынбасары,
      Елена Петровна             аудан әкiмiнiң орынбасары.

      Комиссия мүшесі:

      Ескендіров               - Шал ақын ауданының ішкі істер
      Мұрат Қадырұлы             бөлімі бастығының орынбасары
                                 (келісім бойынша);

      Әбдімәлік                - медициналық комиссияның төрағасы,
      Бауыржан Әбдімәлікұлы      орталық аудандық аурухананың бас
                                 дәрігері;

      Шекенова                 - комиссия хатшысы.
      Балдырған Шәпешқызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады