Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012.06.05 N 4/3 Шешімімен
«Әкімшілік құқық бұзу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Ауданның аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау, жасыл желекті ұстау және қорғау ережесі» бекітілсін.
2. Осы шешімді орындауға бақылау Шал ақын ауданы мәслихатының экономика және бюджеттік саясаттың даму мәселелері жөнінде тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң іске енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
XV сессиясының төрағасы хатшысы
Т. Охоба Н. Дятлов
Шал ақын ауданы мәслихатының
XV сессиясының 2009 жылғы
18 маусымдағы 15/3 шешіміне
қосымша
Ауданның аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау, жасыл желекті ұстау және қорғау
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Ереже Шал ақын ауданында абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және аумақты жинауды ұйымдастыру, жасыл желекті қорғау, инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттеп, жауапкершіліктерін орнатады және меншік түрінен тәуелсіз барлық жеке және заңды тұлғаларға таратады.
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтауыштар
2. Уәкілетті орган – тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы шеңберінде оның жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары коммуникациясы аудан әкімдігімен анықталатын өкілді - Мемлекеттік Мекеме.
3. Аула арасындағы аумақ, бұл - аумақта Бас жоспармен бөлінген балалар алаңын, демалу аймағын, шағын сәулет түрлерін, контейнер алаңдарын қоса алғандағы аумақ.
4. Қосылған аумақтар анықталады:
1) меншік түрінен тәуелсіз кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер үшін скверлерді, тротуарларды, жасыл аймақты, канавалар мен су өтетін жерді есептегенде өтетін бөлік осьіне дейін, бірақ жер телімі шегінен 15 метрден аспай. Сонымен қатар, әр ұйымға жинау үшін жергілікті орындау органдарының шешімімен белгіленген белгілікті бір аумақ бекітілген;
2) сауда павильондары үшін – сыртқы қабырғадан 6 метр қашықтықта;
3) көпқабатты тұрғын үйлер, тұрғын үй ғимараттарында салынған дүкендер үшін – ғимараттың көшеге шығатын маңдайынан жақын арадағы тротуар немесе өткін бөлігіне дейін, бірақ 15 метрден аспай;
4) жеке тұрғын үйлер үшін – үй иесінің шегіне жақын жер телімі, бар канавалар мен су өтетін жолды қосқанда тротуар жиегіне дейін, ол болмағанда өтетін бөлікке дейін, бірақ жер телімі шегінен 15 метрден аспай.
5. Жер телімін ұстау:
1) жер телімін күтуде халық үшін санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат және тұрмыс жағдайларын жақсарту, экологиялық қауіпсіздік, жерді оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен өткізілетін ұйымдастырылған және техникалық іс-шаралар жиынтығы түсіндіріледі;
2) жер телімі дегеніміз белгіленген заңнамалық тәртіпте жер құқықтары қатынастарының субъектілеріне бекітілген және тұйық шегінде бөлінген жер бөлігі.
6. Коммуналдық, қатты тұрмыс қалдықтарын шығаруға келісімшарт – тапсырыс беруші және мердігерлік қоқыс төгетін кәсіпорын арасында коммуналдық, қатты тұрмыс қалдықтарын (қатты тұрмыс қалдықтарын төгуге арналған полигонға) шығаруға жасалған заңдық күші бар жазбаша келісім.
7. Контейнер – коммуналдық қалдықтарды жинауға жасалған қалыпты үлгідегі ыдыс.
8. Ортақ пайдаланатын орындар – демалу аймағы (парктер, жағажайлар, скверлер), алаңдар, көліктер тоқтайтын орындар және т.б.
9. Рұқсат етілмеген қоқыс орны – заңды және жеке тұлғалардың қызметі үрдісінде құрылған коммуналдық қалдықтарды, ірі ауқымды қоқысты, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа да қалдықтарды, қарды, мұзды, өз еркімен лақтыру (рұқсат етілмеген) және жинау (орналастыру).
10. Қатты тұрмыс қалдықтарына арналған полигон – қатты тұрмыс қалдықтарын оқшаулауға және зиянсыз етуге арналып жасалған арнайы ғимарат.
11. Бөлінген аумақ – оған тиісті нысандарды орналастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген құқықтарда уәкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес қолдануға немесе иеліктегі жерді пайдалануға (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға және т.б.) берілген жер телімі.
12. Аумақты тазалау – аумақты жинау, тұрмыс қалдықтарын, қоқысты, қарды, мұзды жинау, төгу және пайдалану (зиянсыз ету).
13. Абаттандыру – адамда болатын қолайлы, жағымды және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін жұмыстар мен элементтердің жиынтығы. Жұмыстың осы жиынтығы мына негізгі бағыттар: инженерлік әл-ауқат, үй жанындағы аумақтарды абаттандыру және т.б. бойынша аумақты жинауды ұйымдастыруды, абаттандыру нысандары мен элементтерін ұстау, пайдалану, жөндеу және қорғау ұйымдастыруды қарайды.
14. Жер телімін пайдаланушы – қалалық бөлікте жер телімдерін пайдаланушы, меншік түрінен тәуелсіз жеке және заңды тұлғалар.
3. Аумақты ұстауға ұсынылатын талаптар
15. Меншік түрінен тәуелсіз кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар басшылары, дүкендер, сауда үйлерінің иелері, жалға алушылар мыналармен қамтамасыз етулері қажет:
1) коммуналдық қалдық төгуге жасалған келісімшарттың негізінде күнделікті жинауды, санитарлық ұстауды және бөлінген және жақын арадағы аумақты абаттандыруды, сондай-ақ меншікті күшпен немесе басқа да кәсіпорындармен тұрмыс қалдықтарын төгуді. Құрылыс көшенің бір жағында орналасқан жағдайда, көше мен тротуардың барлық жағын жинау;
2) бөлінген аумақта суағар канаваларын, көпірлерді, құбырларды, судың беті мен жер астын бөлу үшін ұсынылған сорғыларды, аумақты жинау және тазалау,
3) ғимараттар мен құрылыстар маңын, қоршауды, кіре беріс есікті, балкон беттерін, су тарату құбырларын, шағын сәулет түрлерін жөндеу және сырлау, әкімшілік және өндіріс ғимараттарының шыныларын, сөрелер мен әйнектерді жуу, алаңдар мен жасыл желекке күтім жасау, арамшөпті уақытында жұлу жөнінде жұмыстарды уақытында жүзеге асыру;
4) жер асты ғимараттарды төсеу, қайта жайластыру және жөндеуде топырақ суырып алумен, белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарды рәсімдегеннен кейін ғана құрылыс кезінде жаңадан топтама енгізумен байланысты жұмыстардың барлық түрі;
5) санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды бұзбау.
16. Жер телімдерін пайдаланушылар, (бір пәтерлі және көп пәтерлі) үй иелері (пайдаланушылар) ішкі аулалық бөлінген аумақтың және жақын аумақтың шегінде:
1) тұрмыс қоқыстары мен қалдықтарын күнделікті жинау, оны арам шөптен тазалау жолымен телімді таза және дұрыс ұстау;
2) қоршауды жөндеу және сырлау, орындықтарды жөндеу және шаруашылық-тұрмыс алаңдарын жабдықтау, жиек тастарды ақтау, жаяу жүру жолдарын, сыртқы кіреберіс сатыларды, қар мен мұздан тазалау, шөптерді шабу, құрғақтарын жұлу, алаңдарды тиісті қалыпқа келтіру, су тарату канаваларын, көпірлерді, құбырларды, аула іші және жанындағы аумақты санитарлық жинау және тазалаумен қамтамасыз ету;
17. Қоғамдық көлік аялдамаларының иелері автопавильон, отыру алаңдарын, шағын сәулет түрін жинауды, ұстауды, жабдықтауды және ағымдағы жөндеуді қамтамасыз етеді.
18. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, ашық алаңдарда, шашлық киосклерінде, сауда павильондарында және тұрақты дәретханалары жоқ т.с.с. орындарда қызметкерлер мен келушілерге арнап тасымалдағыш немесе қоғам дәретханасын орнату міндетті жағдай болып табылады.
19. Тұрғын үй, ғимараттар мен құрылыстар меншіктеріне оларды
бөлшектегенде олар орналасқан, оларға құрылыс, тұрмыстық қоқыс пен
қалдықтар аумақтарын тазалау қажет.
20. Парктерде, скверлерде, алаңдарда, стадиондарда, жағажайларда және де ортақ пайдаланатын басқа да орындарда мал, құс бағуға жол берілмейді.
4. Сыртқы абаттандыру негіздерін ұстау
21. Шарбақтар салу және дуалдар, алаңдарға қоршау, сауда палаталарын, павильондар белгілеуге бекітілген тәртіпке сәйкес оларды орнатуға орын және жобалар келіскенде жол беріледі.
22. Жылжымалы аз бөлшекті сауда (тартпалар, үстелдер және т.б.) орнатуға рұқсатты ауданның санитарлық қызметіне сәйкес селолық округ немесе қала әкімі береді.
23. Құрылыс алаңдары және салуды көшіру орны жұмыс мерзімі аяқталғанға дейін барлық өлшемді дуалдар бойынша қоршаулы болу керек. Оларға кіреберіс жол одан шығатын көлік көшенің ластануын болдырмайтындай абаттандырылуы керек. Құрылыс ұйымдастыруы үшін жұмыс өндірісі кезінде ластану мен кірден күнделікті тазалау үшін құрылыс нысандарынан екі жақтан 200 метр ұзындығы бойынша жолдың жақын арадағы телімі бекітіледі.
24. Дүкендердің, сауда нүктелерінің жанына олардың иелері жәшіктер орнатады. Жәшіктерді сауда нүктелерінің иелері тиісті тәртіпте ұстаулары керек, жиналған қоқыс тазаланып, аптасына кем дегенде бір рет жуылып және дезинфекцияланып отырады.
25. Ұйым басшылары кәріздік, су жүргізетін және басқа ұңғымалардың қақпақтары жол жабу деңгейінде болып және ылғи дұрыс жабылуын ұдайы қадағалап отырады.
26. Қатты отында жұмыс істейтін қазандықтардың иелері жер телімінен ұдайы шлак (қож) тазалау және шығаруды қамтамасыз етеді, өртке қарсы қауіпсіздік қалыптарын сақтаумен бұл үшін бөлінген орындарда отынды жинауды қамтамасыз етеді.
5. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
27. Заңды және жеке тұлғалар ауданның барлық аумағында, соның ішінде жеке үй иелерінің аумағында тазалық сақтап, тәртіпті қолдаулары керек, абаттандыру негіздеріне (жол, тротуар, алаң, шағын сәулет түрлері, жарықтандыру, су қайтарғыш) зиян келтіруге және бұзуға жол берілмейді.
28. Елді мекендердің және қаланың аумағында мыналарға:
1) тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстар, кесілген ағаштар, жапырақтар мен қар тастауға;
2) қоқыс, жапырақ, ыдыс, өндіріс қалдықтарын өртеуге, кәсіпорын және жеке үйлердің ішкі аумағында есептегенде от жағуға;
3) өнеркәсіп кәсіпорындарының тазаланбаған суын және жеке сектордағы ағымды суды су қоймалары мен жыраларға төгуге;
4) тұрғын үй ауласы ішінде, ортақ қолданатын жерде, су таралатын ұңғымаларда, су қоймаларында, адамдар демалатын орында және тұрғын үй кіре берісінде көлік құралдарын жууға, тазалауға және оларға жөндеу жасауға;
5) ауданның жергілікті орындау органдары белгілемеген орындарда хабарландырулар, құлақтандырулар, басылымды үгіттеу материалдарын, хабарламалар және басқа да көзбен шолу ақпараттарын орналастыруға, жапсыруға жол берілмейді.
Басқа орындарда көрсетілген өнімдер меншікті тиісті нысандардың рұқсатымен ілуге рұқсат етіледі;
6) қағаздарды, хабарламаларды және басқа да үгіттеу материалдарын шашып тастауға;
7) дуалдарға, ғимарат маңына, ағаштарға және басқа да бекітілмеген орындарға құлақтандырулар, қағаздар, хабарламалар, хабарландырулар басқа да үгіттеу материалдарын ілуге жол берілмейді.
29. Иеліктегі үй, тұрғын аймақ, квартал аумақтарында көліктің енуіне қолайлы кіреберісімен контейнер орналастыру үшін арнайы алаң жабдықталады. Қатты тұрмыс қалдықтарын жинау үшін метал контейнерлер қолдану көзделеді.
30. Өз қызметін қала аумағында жүзеге асыратын кәсіпорындар, мекемелер, сондай-ақ жеке тұлғалар мердігерлі қоқыс шығару кәсіпорындарымен қатты тұрмыс қалдықтарын, коммуналдық қалдықтарды шығаруға келісімшарт жасаулары немесе оларды артып қатты тұрмыс қалдықтары полигонына өздері төгулері керек.
31. Контейнер алаңдарының және контейнерлердің иелері:
1) оларға уақытында жөндеу жасап, жарамсыздарын одан әрі пайдалануға болатын контейнерлерге алмастырулары;
2) қоқыс жинайтын камераларды, алаңдарды және контейнерлердің қуыстарын, сондай-ақ қоқыс жинайтындарды (контейнерлерді) тұрақты жуумен, шыбынға қарсы дезинфекциялаумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану;
3) контейнер алаңдарын және оған жақын жатқан аумақты тиісті санитарлық қалыпқа келтірумен қамтамасыз ету;
4) жылдың қыс мезгілінде - арнайы автокөлік жұмысы және халық пайдалану үшін қалыпты жағдай жасау мақсатында контейнер алаңдарына кіреберісін қардан және мұздан тазалау керек.
32. Контейнер орнатуға арналған алаң тұрғын және қоғамдық
ғимараттардан, спорт алаңдары мен халық демалатын орыннан 25 метрден кем емес қашықтыққа орналасуы керек.
33. Қалдықтарды уақытша сақтайтын орынның орналасуы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісуі қажет.
34. Контейнерлік алаң орнатылған аумақта келесі талаптар орындалуы керек:
1) контейнер алаңдары, жаны және кіре беріс жол олардың бәріне қатты жабулар болу керек;
2) жақын аумаққа қоқыс төгілмеу үшін, контейнер алаңдары жаппай қоршаумен қоршалуы керек;
3) контейнерлерде тұрмыс қалдықтарын өртеуге жол берілмейді.
35. Контейнерлерден қоқыс тасуға артқанда шашылған қоқысты жинауды қатты тұрмыс қалдықтарын төгуді жүзеге асыратын ұйым жұмысшылары жүргізеді.
36. Базарларда, парктерде, демалу аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және адамдар көп болатын басқа да орындарда, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында қоқыс салуға арналған жәшік болу керек.
37. Оның кінәсінен рұқсат етілмеген қоқыс орындарын, өрттерді пайда еткен тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Рұқсат етілмеген қоқысқа, қоқысты төгуге және рұқсат етілмеген қоқыс орнын қалпына келтіруге жауапты тұлғаларды бекіту мүмкін емес жағдайда уәкілетті органдар бекіткен уақытта аумақ иесінің қаржысы есебінен жүргізіледі.
6. Жасыл желек егу және қорғау
38. Жасыл желекті ағымда отырғызу, сақтау және өндіру бөлініп берілген аумақ иелерімен, жер пайдаланушылармен, заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.
39. Салынып жатқан телім, жерасты коммуникациялық төсемдер және инженерлік жүйелер теліміне келіп түскен көшірмелер мен жасыл желекті қайта отырғызу жасыл желекті кесуге және тамырымен қопаруға рұқсат етуге жіберіледі.
40. Жұмыс өндіргенде қажеттер:
1) жасыл желекті зияндардан қорғау;
2) жасыл желекке күтім жасау, соның ішінде:
қоқыстарды жинау, көгалды тырнауышпен тазалау, құрғақ жапырақтарды жинау, арамшөптерді жұлу, алаңды шабу, талдарды кесу;
ағаштардың жанындағы шұңқырларды құрумен топырақтарды қопсыту, ағаштарды ақтау;
жасыл желектерді, алаңдарды, гүлзарларды суару;
ағаштардың ұшарбастарын кесу, құрғақ бұталарды, жас бұталарды, сынған бұталарды кесу;
ағаштарды, талдарды (мамандардың кеңесі бойынша) жасарту;
ескірген және құрғақ ағаштарды (комиссияның актісі бойынша) алып тастау;
ағаштар мен талдар егу.
41. Жасыл желек аумағында:
1) құрылыс материалдарын, топырақ, отын, көмір және т.б. заттарды жинап-сақтауға;
2) алаңды, гүлзарларды, егетін шұңқырларды ластауға;
3) алаң ішінде жүруге, ағаштарды, талдарды сындыруға және кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтіруге;
4) ағаштар мен талдардың өздігінен шабылуын жүзеге асыруға;
5) алаңдарға, гүлбақшаларға автокөлік жайғастыруға;
6) гүлдерді жұлуға, көпжылдық өсімдіктер құлпынай мен пияздарды қазып алуға;
7) мал, құс бағуға, итпен серуендеуге болмайды.
7. Ауданды абаттандыру, жасыл желекті ұстау және аумағын жинастыруды ұйымдастыру жағдайына бақылау жөнінде уәкілетті органдар мен мемлекеттік органдардың ұйымдары.
42. Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес осы Ережелерді сақтауға бақылау өз құзыретінің шегінде қоршаған орта, ішкі істер, сәулет-құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен жүзеге асырылады.
43. Қызмет міндеттеріне сәйкес ауданның абаттандыру жағдайына, комиссиялық қарау және тексеру өткізуді үйлестіруге жалпы бақылауды уәкілетті орган жүргізеді.
8. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
44. Осы ережені бұзған айыпты жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына және «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 300 және 387-баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктен қолданған шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес бұзушылар олар келтірген материалдық шығынның орнын толтыру және жіберілген бұзушылықтарды жою міндетінен босатылмайды.