Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдедегі N 156 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 тамызда N 13-14-82 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы N 351 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 22.10.2013 N 351 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13)14) тармақшаларына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5-4) тармақшасы, 18-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасы) іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылады.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақының мөлшері мен шарттары және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері болуы тиіс.
      5. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шығындары тиісті жергілікті бюджет қаржысынан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен еңбекақының елу пайыз мөлшерінде бөлшектеліп өтеледі.
      6. 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың орташа еңбекақысы 30000 теңгені құрайтын болады, соның ішінде тиісті жергілікті бюджет қаржысынан 15000 теңге, жұмыс берушінің қаржысынан 15000 теңге.
      7. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іректеу тәртібін ауданның жергілікті атқарушы органымен анықталады.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.К. Жақсыбаевқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                       А. Әмрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады