Мақсатты топтарға жататын, Шал ақын ауданының аймағында тұратын, қосымша тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 183 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қазанда N 13-14-86 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы N 127 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 19.05.2015 N 127 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына, 5-бабына сәйкес, "2009 жылғы 6 наурыздағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шал ақын ауданының аумағында тұратын халықтың мақсатты топтарына жататын (қосымшаға сәйкес) қосымша тұлғалардың тізбесі белгіленсін.
      2. "Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауда жәрдемдесу бойынша шараларды қарастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары М.Қ. Жақсыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      Аудан әкімі А. Әмрин

  Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 183
қаулысына қосымша

Халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі

      1. Ұзақ жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл шамасындай);
      2. Отбасында екеуі де жұмыс істемейтін азаматтар;
      3. 50 жастан асқан азаматтар;
      4. 29 жасқа дейінгі жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады