Ақан-Барақ ауылы елді мекенінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 283 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 20/12 біріккен шешімдері. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 ақпанда N 13-14-94 тіркелді.

      Ескерту. Қазақ тіліндегі бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің барлық мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 22.01.2021 № 14 және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 22.01.2021 № 1/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысымен мен шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 3-тармағына сәйкес, Аютас ауылдық округі әкімінің және Ақан-Барақ ауылы тұрғындарының қолдаухаты негізінде Шал ақын ауданының әкімдігі Қаулы етеді, Шал ақын ауданының мәслихаты Шешті:

      1. Ақан-Барақ ауылы елді мекенінің шекарасына енгізілсін;

      1) уақытша жер пайдаланудағы алаңы 90 гектар № 10-2 жер телімі;

      2) Аютас ауылдық округінің жер қорындағы алаңы 39 гектар № 10-2 жер телімі.

      2. Алаңы 90 гектар № ВСУ 1-457 жер телімі Ақан-Барақ ауылы елді мекені жерінен шығарылып, Аютас ауылдық округінің жер қорына енгізілсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң іске енгізіледі.

      Шал ақын ауданының әкімі А. Әмрин
      Аудандық мәслихаттың ХХ
сессиясының төрағасы
З. Құрманқұлов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Н. Дятлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады