Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 283 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20/12 "Ақан-Барақ ауылы елді мекенінің шекарасын өзгерту туралы" шешіміне (2010 жылғы 12 ақпанда аудандық "Парыз", "Новатор" газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-94 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің барлық мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.