Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 27.03.2018 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабын және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Экологиялық Кодексінің 267 бабын басшылыққа алып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімиятының 2008 жылғы 13 наурыздағы N 62 "Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2526 тіркелген, 2008 жылғы 17 мамырдағы "Атырау" газетінің N 58 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3 тармақтағы "департаментке" деген сөз "басқармаға" деген сөзбен ауыстырылсын;
4 тармақтағы: "басқармасына" деген сөз "инспекциясына" деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшасындағы "департаментінің" деген сөз "басқармасының" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшасындағы "аймағында" деген сөзден кейін "Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясымен (келісім бойынша) және" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Кемаловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Рысқалиев |