Атырау облысының елді екендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасын, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 7 шілдедегі № 162 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 14 тамызда № 2551 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 08.01.2016 № 1 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының және көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысының елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi қағиданың мемлекеттік тілдегі мәтінінде "әкімияты", "әкімиятқа", "әкімият", "әкімияттың", "әкімиятының" деген сөздер сәйкесінше "әкімдігі", "әкімдікке", "әкімдік", "әкімдіктің", "әкімдігінің" деген сөздермен ауыстырылды - Атырау облысы әкімдігінің 12.03.2014 № 65 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауын, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптары бекітілсін.
      2. Облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Атырау қаласы мен облыс аудандарының әкімдері осы Қағиданың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін.
      3. Жойылсын:
      1) Атырау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі № 109 "Атырау облысы бойынша көшелерге, даңғылдарға атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру, көрсеткілерді орнату және пайдалану ережесін бекіту туралы" қаулысы;
      2) Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қыркүйектегі № 242 "Атырау облысы бойынша елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру, ережесін бекіту туралы" қаулылары жойылсын;
      3) Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қыркүйектегі N 64 "Атырау облысы бойынша елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу ережесін бекіту туралы" қаулысы.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Аманғалиевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
Б. Рысқалиев

  Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 7 шілде N 162 қаулысымен бекітілген

Атырау облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасы, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптары

      Көшелерге, даңғылдарға атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру, көрсеткілерді орнату және пайдаланудың осы ережесі (бұдан әрі - Қағида) алаңдарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, қысқа көшелерге, саябақтарға, шағын гүлбақтарға, көпірлерге атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасын, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру, көрсеткішті орнату және пайдалану талаптарын анықтауды бірыңғай тәртіпке келтіру мақсатында әзірленген.
      Ескерту. Қаулының тақырыбына, мәтініне өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 2011.02.09 № 27 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-бөлім. Негізгі Ережелер
1. Тарау. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар

      1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      атау - шағын аудандарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, алаңдарға белгіленген, оларды бөлу және тану үшін қызмет ететін жеке атаулар;
      аудан - әкімшілік-аумақтық құрылымдар туралы заңнамаларға сәйкес белгіленген Атырау облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік;
      алаң - атау берілген жоспарлау элементі болып табылатын, тұйықталған шекаралары бар қала құрылысының объектісі;
      ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және тағы тағы да басқаларды орналастыруға және сақтауға пайдаланатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жер орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
      ғылыми-өндірістік, өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық аймақтардағы (аудандар) көшелер мен жолдар – аймақтар (аудандар) шегінде жеңіл және жүк көліктеріне қолайлы көліктік байланысты, магистральды қалалық жолдарға шығуды қамтамасыз етуші жолдар. Көшелермен және жолдармен қиылыс бір деңгейде белгіленеді;
      даңғыл - жалпы қалалық магистральды жолдар немесе магистральды көшелер;
      желекжол – жергілікті маңызы бар көше немесе жол, орман-саябақ желектерімен, жаяу жүргіншілер жолдарымен бөлінген қарсы көліктік ағындар;
      жылдамдық қозғалысының магистральды жолдары – сыртқы автокөлік жолдарына, аэропорттарға, ірі жаппай демалу аймақтарына және кенттерге шығуды қамтамасыз ететін өндірістік және жоспарланған аудандар арасындағы жылдамдық көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін белгіленген жолдар. Магистральды көшелермен және түрлі деңгейдегі жолдармен қиылысады;
      жапсарлас объектілер – ғимаратқа және құрылыстарға жапсаржай салу жолымен ғимараттарда, құрылыстарда ұйымдастырылған объектілер, бұл жағдайда, дербес функционалдық мақсатта пайдаланылады;
      жаяу жүргіншілер көшелері мен жолдары – еңбек, қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарының орындары, қоғамдық көліктердің демалу және аялдау орындары арасында жаяу байланыстарды қамтамасыз етуші жолдар;
      инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлға;
      қала құрылысы элементінің санаты - функционалдық қала құрылысы нысанын және объектінің (шағын аудан, ғимарат, құрылыстар, көпір, көлік айырымы (айналым), фонтан, тас жол, даңғыл, көше, желекжол, саяжол, өту жолы, тұйық және басқалар) сипаттайтын қала құрылысы элементінің бөлінбес бөлігі;
      құрылыс - табиғи және жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үрдістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға, немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе сызықты (жер үсті, су беті және немесе жер асты, су асты) объект. Құрылыс көркемдік-эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін;
      көрсеткі - жарық түсіретін, жарықты шағылыстыратын, контрастық объектілерді, материалдарды пайдалана отырып құрылған, азаматтарды сол немесе басқа көше, ғимарат немесе құрылыстардың орналасуы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету үшін белгіленген түсіндірме жазулары, цифрлары бар геометриялық нысанда белгіленген түрлі-түсті бейне;
      қаланың бөлігі (қала құрылыстық элемент) – қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, желекжолдар, көшелер, қысқа көшелер, саябақтар, шағынгүлбақтар, көпірлер мен қаланың басқа да құрамдас бөліктері. Осы Ережеде қаланың бөліктері деп әлеуметтік маңызы бар объектілер (денсаулық сақтау, білім, мәдениет және тағы басқалар) айтылуы мүмкін.
      қосып салынған объектілер - ғимараттар мен құрылыстарға ғимараттардың қасбетін қайта жаңартпай және жеке кіру жасамай ұйымдастырылған объектілер, ғимараттың (құрылыстар) қайта құрылған бөлігінің функционалдық маңызы өзгеруі мүмкін;
      қозғалысты реттейтін магистральды жолдар – қала аудандары арасындағы жекелеген бағыттар мен учаскелерге, тұрғын құрылыстарынан тыс құрылыстарды жүзеге асыратын жүк қозғалыстарына қолайлы көліктік байланыстарды қамтамасыз ету үшін белгіленген жолдар;
      сыртқы автокөлік жолдарына кіруді қамтамасыз етеді.
      Көшелермен және жолдармен тәртіп бойынша бір деңгейде қиылысады;
      қоныстану аумағы - тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскер) және оңалту аймақтарын, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымының жекелеген бөліктерін, орналасуы мен қызметі арнаулы санитарлық қорғаныш аймақтарын талап етуге әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі;
      көше – магистральды көше, жергілікті маңызы бар көше немесе жол;
      ландшафты-оңалту аумақтары - қалалық ормандары, орман саябақтар, орман қорғау аймақтары, сутоғандар, ауыл шаруашылығының пайдалануындағы жерлер және іріктелген аумақтарда орналасқан, ашық кеңістік жүйесін қалыптастыратын саябақтармен, бақтармен және желекжолдармен қоса басқа да пайдалы жерлері бар аумақтар;
      мекен-жай - Атырау облысының белгіленген шекарасы шегінде объектінің (жер учаскесінің, ғимараттың, құрылыстардың) орналасу орнының (орналасқан жері) жинақталған деректемелерінің құрылымдық сипаттамасы;
      орам - магистралды көшелермен, қысқа көшелермен бөлінбеген құрылыстың құрылымдық бөлшегі;
      объектінің реттік нөмірі - объект мекен-жайының құрылымдық элементі: әріп және (немесе) бөлшек қосылуы мүмкін цифрлар тізбегінен тұратын, қандай да бір құрылымдық бөлшекке тән белгісінің негізінде объектіге, құрылыс салынған аумақтағы атауы бар қала құрылысы объектісіне (көшеге, шағын ауданға және т.б.) берілетін объектінің қарапайым бөлшегі;
      ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
      өту жолы - көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және екі көше арасындағы (екі "т" тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты қамтамасыз ететін ауданішілік, шағын аудан ішілік, орамшілік қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
      өткелдер – тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және аудандардың, шағын аудандардың, орамдардың ішіндегі қалалық құрылыстардың өзге объектілеріне көлік құралдарымен жол жүруді қамтамасыз етуші жолдар;
      өндірістік аумақ - өнеркәсіптік кәсіпорындарды және солармен байланысты объектілерді орналастыруға арналған аумақ, тәжірибелік өндірістермен бірге ғылыми мекемелердің, коммуналдық-қоймалық
      объектілердің, сыртқы көліктер құрылыстарының кешені;
      реттелген қозғалыс – тұрғын, өндірістік аудандар мен қаланың орталығы, жоспарланған аудандардың орталығы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін белгіленген жолдар;
      магистральды көшелер мен жолдарға және сыртқы автокөлік жолдарына шығу. Магистральды көшелермен және жолдармен тәртіп бойынша бір деңгейде қиылысады;
      санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
      саябақ – жалпы қолданылатын, Атырау облысы аумағының тұйық шекаралармен белгiленген, оқшау, көгалдандырылған, қаланың құрылыс жүргiзiлетiн аумағында ұйымдастырылған, ауданы кем дегенде он гектар болатын және тұрғындардың жаппай демалуына арналған аумақ;
      саябақ жолдары – жеңіл автокөліктердің қозғалысы үшін қолайлы саябақтар мен орман саябақтары аумақтары шегінде көліктік байланысты қамтамасыз етуші жолдар;
      саяжол – негізгі және қосарлас жаяу жүргіншілер көшесі немесе еңбек орындарымен, қызмет көрсету мекемелерімен және кәсіпорындарымен жаяу жүргіншілер байланысын қамтамасыз ететін, оның ішінде қоғамдық орталықтар, демалыс орындары және қоғамдық орталықтар, демалыс орындары және қоғамдық аялдама пункттері шегіндегі жол;
      сәулет органы - сәулет және қала құрылыс саласын реттеуді жүзеге асыруға әкіммен уәкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган;
      трасса, тас жол – магистральды жол немесе халықаралық көлік байланыстарын қамтамасыз ететін қала шегіндегі магистральды көше;
      тілдер дамыту жөніндегі орган – облыс әкімдігі тілді дамыту саласында реттеуді жүзеге асыруды және облыстық ономастикалық комиссияның қызметін ұйымдастыруға өкілдік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      түбегейлі жоспарлау жобасы (ТЖЖ) – бас жоспары негізінде орындалған аумақ құрылысының функционалдық-қала құрылысы аймақтандыруды; қызыл сызықтарды және құрылысты реттеу сызықтарын; тұрғындарға әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін аумақтарды резервілеуді;
      көше-жол торабын және көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды; инженерлік коммуникациялардың трассировкасын; көшелердің тік пішіндерін; аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды, бұқаралық қала құрылысы сервитуттарын және өзге де талаптарды анықтап, аумақты ұйымдастыруды жоспарлаудың негізгі бағыттарын белгілейтін аумақ құрылысын жоспарлау жобасы;
      тұрғын-жай ауданының бағы – саябақ–қаланың қоныстану аумағында ұйымдастырылған және аумағы үштен он гектарға дейінгі халықтың жаппай демалуына арналған жалпы қолданыстағы қалалық аумақты көгалдандыруға негізделген тұйық шекаралармен анықталған шағын аудан - қаланы қалыптастыратын, магистральды көшелермен бөлінбеген, белгіленген шекарада, не болмаса қоныстану, немесе өндірістік, не болмаса ландшафты-оңалту аумағы болып табылатын құрылыстың құрылымдық-жоспарлау элементі;
      тұйық - көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және көше арасындағы (бір "т" тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты құрмайтын ауданішілік, шағын ауданішілік, орамішілік қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
      тұрғын үй құрылыстарының көшелері – тұрғын үй аудандары (шағын аудандар) аумақтарындағы көліктік (жүк және қоғамдық көліктерді рұқсатсыз) және жаяу жүргіншілер байланысын, магистральды көшелер мен қозғалыстарды реттеуші жолдарды қамтамасыз етуші жолдар;
      үзіліссіз қозғалыстар – тұрғын, өндірістік аудандар мен қаланың орталығы, сондай-ақ басқа да магистральды көшелермен, қалалық және сыртқы автокөліктік жолдар арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін белгіленген жолдар. Көліктердің қозғалысын түрлі деңгейдегі бағыттар негізінде қамтамасыз етеді;
      шағынгүлбақ - қаланың қоныстану аумағында ұйымдастырылған және аумағы кемінде үш гектар халықтың жаппай демалуына арналған жалпы қолданыстағы қалалық аумақты көгалдандыруға негізделген тұйық шекаралармен анықталған;
      шағын аудан - қаланы қалыптастыратын, магистральды көшелермен бөлінбеген, белгіленген шекарада, не болмаса қоныстану, не болмаса өндірістік, ландшафты-оңалту аумағы болып табылатын құрылыстың құрылымдық-жоспарлау элементі.

2-тарау. Көрсеткілерді орналастыру және пайдалану
саласындағы мемлекеттік реттеу

      2. Көшелерге, даңғылдарға атау беру, олардың атуларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмір беру, көрсеткілерді орнату және пайдалану, оларды ретке келтіруді мына мемлекеттік органдар жүзеге асырады:
      1) сәулет органдары;
      2) тілдерді дамыту жөніндегі орган.
      3. Сәулет органының мынадай өкілеттіктері бар:
      реттік нөмірі жоқ ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді анықтап, оларға өз бұйрығымен реттік нөмір береді;
      атауы жоқ көшелер тізімін;
      атаулары ұқсас көшелер тізімін; жылжымайтын мүліктің бұзылуына байланысты атаулары жойылған көше тізімін қалыптастырады және оларды атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасы және атау беру жөніндегі ұсыныстарын білдіреді;
      атау беру кезінде пайдаланылатын жолдар мен көшелер санатын қоса алғанда, атау беруге немесе қайта атауға жататын қала құрылысы элементтерінің санатын анықтайды;
      тапсырысшының жобалау құжаттамасының құрамына әзірлеуге және жобаланған ғимараттар мен құрылыстар қасбеттеріне, жобаланған көшелердің қиылыстарында ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірі көрсеткілерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткілерін орнатуға арналған шығындардың енгізілуін бақылау;
      көшелер мен шағын аудандар көрсеткілерінің, ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерінің, тапсырысшы әзірлейтін жобалық құжаттама құрамына еңгізілген басқа да көрсеткілердің нобайына келісім береді;
      жылжымайтын мүлікпен мәмілені, қала бөлігіне атау беру және (немесе) өзгерту туралы ақпаратты, жекелеген объектілерге реттік нөмер беру және (немесе) өзгерту туралы бұйрықтар көшірмелерін тіркеуді жүзеге асыратын органға ұсыну;
      объектілердің реттік нөмірлері мен көрсеткілерін дайындау және орнату құқығын беру жөнінде конкурс өткізу.
      4. Тілдерді дамыту жөніндегі органның мынадай өкілеттіктері бар:
      шағын аудандардың, даңғылдардың, желекжолдарлардың, көшелердің белгіленген атауларының бейнелену дұрыстығын, олардың нормалармен сәйкестігін, сондай-ақ көрсеткілерде белгіленген атауларының транскрипциясының бейнелену дұрыстығын бақылайды;
      көшелер мен шағын аудандар көрсеткілерінің ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерінің, тапсырысшы әзірлейтін жобалау құжаттамасының құрамына енгізілген басқа да көрсеткілерінің белгіленген атауларының көрсеткілерінде ақпараттың жазылу сәйкестігін және олардың транскрипциясының дұрыстығын келіседі.
      5. Осы тарауда аталған мемлекеттік органдар ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерін, көшелер мен шағын аудандар атауларын көрсеткілерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткілерін орнату және пайдалану саласындағы өзге де қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жүзеге асыра алады.

3-тарау. Шағын аудандардағы, көшелерге, даңғылдарға атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасы, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту тәртібі

      6. Атаулар оларды бөлуге және оларды кеңістікте тануды қамтамасыз ету үшін беріледі.
      7. Атау беру мынадай кезеңдермен жүргізіледі:
      1) сәулет органы тілдерді дамыту жөніндегі органға қаланың атаулары жоқ, не болмаса атаулары бірдей бөліктерінің элементтерінің кеңістіктегі орналасу үлгісі мен шекараларының анықтамасының қосымшасымен тізбесін жібереді. Аталған тізбемен бірге сәулет органы сол жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін (олар бар болған жағдайда) бұзуға байланысты жойылған көшелердің тізбесін ұсынады;
      2) тілдерді дамыту жөніндегі орган қала құрылысы объектісіне атау беру немесе атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасы мәселесі бойынша өтініштер түскен сәттен бастап 15 күн ішінде қала бөліктеріне атау беру, атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасы мәселелерін талқылау үшін ономастикалық комиссия мәжілісін ұйымдастырады;
      3) ономастикалық комиссия тiлдердi дамыту жөнiндегi органға материалдар ұсынған сәттен бастап 30 күн iшiнде әкiмдікке және мәслихатқа, кент, ауыл, ауылдық округтердiң әкiмдерiне қала құрылысы элементтерiне атау беру және атауын өзгертуді ұсыну шешiмін қабылдайды;
      4) алынып тасталды;
      5) алынып тасталды;
      6) әкімдік пен мәслихаттың атау беру, атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасы туралы шешімдері қала құрылысы бөліктерінің кеңістік ережесі схемасының міндетті қосымшасы мен оның шекараларын нақты анықтай отырып мүдделі мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға жеткізіледі. әкімдіктың және мәслихаттың білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және басқа да мекемелеріне атау беру туралы бірлескен шешім атау беру туралы өтініммен бірге, Атырау облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияға жіберіледі.
      Атырау облысындағы мемлекеттік меншік объектілеріне атау беру және қайта атау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Елді мекеннің бір бөлігіне бірнеше атау беруге жол берілмейді. Тек бұрылыстары отыз градустан жоғары болған жағдайларда даңғылдарды (көшелер, қысқа көшелер, өту жолдары) қоспағанда, мұндай жағдайларда елді мекен бөлігінің бұрылыс орындарына оқшауланған атау беруге жол берілмейді.
      Бірдей санаттағы әр түрлі қала құрылысы элементтеріне бір атау беруге жол берілмейді.
      9. Қала құрылысы элементі (даңғыл, көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар және тағы басқалар) қиылысқан жағдайда қалыптасқан учаскеге жеке атау беруге жол беріледі.
      10. Елді мекендер аумақтарын кезең-кезеңімен игерген жағдайда қала құрылысы элементін оқшауланған, атаулары қисынды байланысқан, осы қала құрылысы элементінің уақыт ішінде іс жүзінде қалыптасу және салыну кезеңіне сәйкес келетін жекелеген учаскелерге бөлуге жол беріледі.
      Ескерту. 3-тарауға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 2011.02.09 № 27; 12.03.2014 № 65 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

4-тарау. Ономастикалық комиссия
§ 1. Ономастикалық комиссияның құрамы, оның жұмысын ұйымдастыру

      11. әкімдік ономастикалық комиссияны тоғыздан он бес адамға дейінгі тақ сандармен құрады. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі бола алмайды және оның шешім қабылдайтын кезде дауыс беру құқығы болмайды.
      Ономастикалық комиссияның жұмыс органы тілдерді дамыту жөніндегі орган болып табылады.
      12. Ономастикалық комиссияның мәжілісі қажет болған кезде жүргізіледі және жұмыс органымен шақырылады.
      13. Ономастикалық комиссияның хатшысы болып жұмыс органының қызметкері тағайындалады. Ономастикалық комиссияның хатшысы ономастикалық комиссияның мүшелерін шақыруды қамтамасыз етеді, ономастикалық комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады, өзге де мәселелерді шешеді.

§ 2. Ономастикалық комиссияның өкілеттігі, шешім қабылдаудың тәртібі

      14. Ономастикалық комиссия мынандай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасы мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың ұсынастарын қарау;
      2) әкiмдік пен мәслихатқа, кент, ауыл, ауылдық округтердiң әкiмдерiне елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау берудi, атауын өзгертуді ұсынады;
      3) әкiмдік пен мәслихатқа, кент, ауыл, ауылдық округтердiң әкiмдерiне елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерi атауларының транскрипциясын нақтылауды ұсынады;
      4) орфографиялық, ғылыми транскрипциялардың және қалыптасқан әлеуметтік және тарихи-мәдени факторлардың қолданыстағы нормалары негізінде елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасы, атауының транскрипциясын нақтылау туралы қорытынды ұсыныс береді;
      5) елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасы туралы даулы мәселелер бойынша қорытынды береді;
      6) жергілікті мемлекеттік басқару, басқа ұйымдардың ақпараттары мен хабарламалары материалдары бойынша ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жәй-күйін талдайды.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 12.03.2014 № 65 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Ономастикалық комиссия сондай-ақ қарталар, атластар құру, анықтамалық әдебиеттер басып шығару барысында туындаған мәселелерді шешуде өтеусіз негізде мүдделі ұйымдарға консультациялық көмек беруге құқылы.
      16. Комиссияның шешімдері жай дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      17. Комиссияның шешімдері дауыс беру кезінде оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса құқықты болып саналады. Ономастикалық комиссия мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқылары жоқ.

2-бөлім. Атырау облысы елді мекендерінің жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмір беру және көрсеткілер орнату және пайдалану

      18. Жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру, көрсеткілерді орнату және пайдалану Атырау облысының аумақтарында шағын аудандардың, көшелердің, ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да объектілердің орналасуын (орналасқан жері) анықтаудың бірыңғай жүйесі қалыптастыруға арналған.
      19. Атырау облысының аумағында орналасқан әрбір жер учаскесі, ғимараттар мен құрылыстардың өзінің бірегей мекен-жайы болуы керек.
      20. Осы Қағидаға сәйкес реттік нөмір берілген жылжымайтын мүліктің объектілері:
      1) жер учаскелері (игерілмеген және құрылыс салынған);
      2) ғимараттар;
      3) құрылыстар;
      4) жапсарлас объектілер;
      5) қосып салынған объектілер болып табылады.
      21. Атырау облысының қала және басқа да елді мекендердегі үйлердің, ғимараттары мен құрылыстардың қасбеттерінде, даңғылдардың, көшелердің, қысқа көшелердің қиылыстарындағы алаңдардың периметрлерімен бойынша көрсеткілердің мынадай үлгілері орналасады:
      көше атауларының көрсеткіштері (1, 2, 3 санаттар);
      шағын аудандар атауларының көрсеткіштері (1, 2 санаттар);
      көшелердің қиылыстарында (қиылысу орны) орналасқан көше атауларының бұрыштамалық көрсеткіштері;
      ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері (1, 2, 3 санаттар).
      Сәулет органымен үш санаттың тұрпатты алғашқы нұсқасы бекітіледі. Түрлі санаттағы көрсеткіштерді орнату жөніндегі талаптар объектілерде осы Қағиданың 7-тарауымен реттеледі.
      22. Ғимараттардың, құрылыстардың реттік нөмірлерінің көрсеткілері, Атырау облысының аумағындағы елде мекендерде орналасқан көшелердің, шағын аудандардың, көше атауларының бұрыштық көрсеткілері міндетті тәртіпте осы Қағидамен және белгіленген тәртіпте бекітілген үлгілік тұрпатпен белгіленген техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.

5-тарау. Реттік нөмірлер берудегі талаптар

      23. Ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, құрылыстардың, жер учаскелерінің реттік нөмірлері - цифрлардың ретімен жасалатын әріптер (А, Б, В, Г және тағы басқалар, есімдік болатын әріптерді, мысалы "Я" әріпі), алфавиттердің қазақ әріптерін (Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, һ, І) және айтылуы қиын әріптерді (дыбысталмайтын), не болмаса цифрларға ұқсас әріптерді қосылуы мүмкін (З, Й, Ң, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) қоспағанда, немесе қосалқы белгісі, қосымша толық цифрлар арқылы белгіленетін объектілер мекен-жайларының деректемелері.
      24. Әріптер ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, құрылыстардың реттік нөмірлеріне, егер бір жер учаскесіне екі және одан да көп бірдей сәулеттік үйлесімі бар немесе бір сәулеттік-құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын ғимараттар, корпустар, құрылымдар, құрылыстар орналасқан (бар болса) болса, әріптер қосылады.
      25. Егер ғимарат, корпус, құрылым немесе ғимарат орамның ішінде орналасып, ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстардың бірде бір қасбеті қалалық магистральға шықпаса, онда ғимараттарың, корпустың, құрылымның, құрылыстардың реттік нөмірі бөлшек белгісі арқылы қосымша толық сандармен толықтырылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың нөмірленуіне жақын ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөмірі қабылданады.
      26. Ғимараттардың, орын-жайлардың және өзге де жасанды құрылымдардың мекен-жайларына мынадай міндетті деректемелер: көше атауларының, ғимараттардың, корпустардың немесе құрылымдардың, құрылыстың реттік нөмірлері кіреді.
      27. Жер учаскелеріне мынадай міндетті деректемелер: көше атау немесе шағын аудандардың, жер учаскесінің реттік нөмірі кіретін шартты мекен-жай беріледі.
      28. Объект мекен-жайының құрылымы объектісінің түрімен және ғимараттың, құрылыстардың жер учаскесінің жергілікті жердегі географиялық жағдайымен анықталады.
      29. Реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасу аты объектінің мекен-жайына қосылуы мүмкін.
      30. Шағын аудандар, өндірістік аумақтар, табиғатты қорғау кешендерінің (тарихи және сәулет ескерткіштерінің жиынтығы), атаулары, реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасқан жері тиісті шағын ауданның, өндірістік аймақтың, табиғатты қорғау кешенінің белгіленген шекараларындағы объект орналасқан жағдайда объектінің мекен-жайына қосылатын болады.
      31. Даңғылдың, көшенің (қысқа көше, алаң) атауына қатысты объектінің нөмірленуі Атырау облысы елді мекендерінің көшелері атауларының ресми тізіміне және нөмірленетін объектінің және көше-жол тәсімі элементтерінің оңтайлы ұсынуына сәйкес қысқа жолдардың, көшелердің және алаңдардың атауларын нақтылай отырып, даңғылдардың, көшелердің, қысқа жолдардың, алаңдардың ресми мекен-жай тәсіміне сәйкес қабылданады.
      32. Атырау облысы елді мекендерінің ресми тізімі және нөмірленетін объектінің және Атырау қаласы даңғылдарының, көшелерінің, қысқа көшелерінің, және басқа да құрылымдық элементтерінің ресми мекен-жай тәсімі алаңдардың атаулары электронды түрде құрылады және Атырау облысы аумағындағы қала құрылысы объектілерін және элементтерін атау, қайта атау туралы мұрағат материалдарын пайдалана отырып, Атырау қаласы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базасында қалалық ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ҚАЖ) жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар жүргізеді.
      33. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстардың алдын ала реттік нөмірі сәулет органының ҚАЖ мәліметтеріне сәйкес объектінің реттік нөмірін алдын ала келісу бойынша жобалауға, не болмаса құрылыс салуға жер учаскесін бөлу туралы рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу сатысында белгіленеді. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстардың алдын ала реттік нөмірі сәулет органы жекелеген объектілерді бұзу нәтижесінде қаланың бір бөлігі объектілерінің нөмірленуі оннан артық бірлікке бөлінген (жоғалған) жағдайда өзгертілуі мүмкін.
      34. Оңтүстіктен солтүстікке қарай құрылыстың (үйдің) үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізіледі.
      35. Батыстан шығысқа қарай құрылыстың (үйдің) үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.
      36. Әртүрлі санаттағы көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистральды көшелердің сыныптамасына сәйкес жоғары санаттағы көше бойынша реттік нөмір беріледі.
      37. Санаттары тең көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың бас қасбеті шығатын көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі қасбеті шығатын болса қала орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер ғимараттың басты қасбеті ауланың ішінде орналасқан болса, ғимараттың бойына жанасқан көшеге реттік нөмір беріледі.
      38. Алаң периметрін құрайтын ғимараттарға реттік нөмір беру орталық жақтан бас магистральдан бастап сағат тілі бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштағы ғимарат бас қасбетке ие болса және жанасқан көше бойымен ұзындығы едәуір болған жағдайда оны нөмірлеу алаң бойынша емес, көше бойынша жүзеге асырылады.
      39. Қала аумақтарына жаңа құрылыс салуды қалыптастырған жағдайда, осы Қағиданың 34, 35-тармақтарын орындау мүмкін болмаған кезде, осы аумақтарда ғимараттарға (үйлерге) керісінше тәртіпте реттік нөмірлер беруге және нөмірлеуге, яғни, солтүстіктен оңтүстікке не болмаса шығыстан батысқа қарай, көшенің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізуге жол беріледі.
      40. Жер учаскесінің аумағында негізгі көшелер анықталады, оған сәйкес осы аумақта орналасқан ғимараттар, құрылыстар нөмірленеді. Негізгі ғимараттың реттік нөмірі көшелердің белгіленген топталымымен анықталады.
      41. Жер учаскесінің аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға, құрылыстарға, негізгі ғимараттың нөмірі және Қағидаға сәйкес корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірі беріледі. "корпус" немесе "құрылым" көрсеткілері қажет болған жағдайда ғимараттың орналасқан жер учаскесі аумағының функционалдық пайдаланылуын ескеріп, ғимараттардың функционалдық мақсатына және жақын орналасқан ғимараттарды нөмірлеуге байланысты анықталады.
      42. Ғимараттарды нөмірлеу бас ғимараттың орналасуын ескеріп, жер учаскесінің аумағына бас кіреберісінен басталады.
      43. Жеке және заңды тұлғаға меншік, жалдау немесе өзге де заттай құқығында тиесілі жер учаскесінде қосымша бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектілерін салған жағдайда әр объектіге корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірін қоса, сол реттік нөмір беріледі.
      44. Тізбектегі нөмірмен нөмірленген екі ғимараттың, құрылыстардың арасында орналасқан ғимараттарды, құрылымдардың реттік нөмірлерімен, нөмірлеуді тиісті объектінің төменгі нөмірін осы Қағидаға сәйкес әріп немесе бөлшек қосып жүргізу керек.
      45. Дербес объектілердің (ғимараттар, құрылыстар) белгілері бар жапсаржай және қосып салынған объектілерге толық санға қосымша бөлшек арқылы негізгі ғимараттың нөміріне қосымша дербес реттік нөмір берілді.
      46. Қоршаулар, көпірлерді, төселген жолдар, қазылған шұңқырлар, құдықтар, қоймалар, тротуарларсыз құрылыстарға сол жерде орналасқан құрылыстың, ғимараттың немесе жер телімінің (негізгі ғимарат жоқ болған жағдайда) нөміріне "құрылғы" деген көрсеткішті қосып нөмір береді.
      47. Игерілген, бірақ әлі нөмірленбеген жер теліміне сол жер телімі ішіндегі құрылыстар мен ғимараттардың нөмірі беріледі.
      48. Бір жер учаскесінің аумағы шегінде бірнеше ғимараттар, құрылыстар, басқа да объектілер орналасқан жағдайда жер учаскесіне негізгі ғимараттың, құрылыстардың нөмірі беріледі.
      Игерілмеген жер учаскесіне осы Қағидаға сәйкес қарапайым реттік нөмірі беріледі, бұл жағдайда мына талаптарды сақтау қажет: әрбір жер учаскесінің өзінің бірегей реттік нөмірі болуы қажет және жер учаскелеріне реттік нөмір жер учаскелерінің осы немесе басқа қала құрылысы бірлігіне (көше, даңғыл, алаңдар) қатысты (жапсаржай) негізінде беріледі.
      49. Нөмірленген игерілмеген жер учаскесінің аумағынан жаңа ғимарат, құрылыс орын-жай салғанда тұрғызылатын объектіге нөмірлеудің жалпы тәртібін сақтаған жағдайда аталған жер учаскесінің шартты реттік нөмірі беріледі, не болмаса осы Қағиданың талаптарын сақтай отырып, жеке жаңа нөмір беріледі.
      50. Жаңадан тұрғызылған ғимараттың, құрылыстардың реттік нөмірі және қолданыстағы объектілердің реттік нөміріне өзгерістер енгізу ТЖЖ және ҚАЖ деректері негізінде сәулет органымен жүзеге асырылады.
      51. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жүргізілетін қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар мен құрылыстар үшін реттік нөмірлерді резервілеуге жол беріледі.

6-тарау. Мекен-жай құрылымының стандарты

      52. Объектінің мекен-жай құрылымы мына талаптарға сай келуі тиіс:
      мекен-жай деректемелері жазудың қатаң белгіленген тізбектелуі немесе дедуктивті тәсілмен көрсетіледі (жалпыдан жекеге);
      "мекен-жай" терминінен соң ":" (қос нүкте) бөлушіден кейін көрсетілген деректемелерден құралған мәтін бөлігі объектінің мекен-жайы болып табылады;
      объектінің мекен-жайы мемлекеттік, орыс тілдерінде және басқа тілдерде жазылады;
      объектінің мекен-жайын жазған кезде қала құрылысы бөлшегінің санатын қысқартып жазуға болады:
      аудан - (ауд.);
      шағын аудан - (ш. ауд.);
      алаң - (ал.);
      тас жол - (тас.ж.);
      трасса - (тр.);
      даңғыл - (даңғ.)
      көше - (к-сі);
      желекжол - (жел.ж.);
      саяжол - (сая.ж.);
      өту жолы - (өту.ж.);
      қысқа көше - (қыс.к.);
      тұйық көше - (тұй.к.);
      объектінің мекен-жайы жазылған кезде қала және әкімшілік ауданның атауы көрсетілген мекен-жайды толық мазмұндауға жол беріледі, сондай-ақ қысқартылған түрде: қала (қ.), аудан (ауд.) жазуға жол беріледі;
      мекен-жайды жазу кезінде қала құрылысы бөлшегінің (шағын ауданы, алаңы, көшесі және тағы басқалар) бекітілген атауы толық көрсетілуі тиіс.
      53. Қаланың бірнеше бөліктеріне қатысты бір объектіге бірнеше мекен-жайлар беруге жол берілмейді.

7-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмір көрсеткілерін,көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткілерін орнатуға қойылатын талаптар
§ 1. Жалпы талаптар

      54. Ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің көрсеткілері, үй қасбеттеріндегі көшелер мен шағын аудандардың атаулары мына тәртіппен орнатылады:
      1) жаңадан тұрғызылған ғимараттарды пайдалануға тапсыру кезінде:
      тапсырысшы беруші ҚАЖ негізінде ғимаратқа, құрылыстарға, реттік нөмір беретін сәулет органына өтініш білдіреді және мекен-жай беруге жататын объекті географиялық бекітілген (ғимарат, құрылыстар) даңғылдың, желек-жолдың, көшенің дұрыс атауын анықтайды;
      сәулет органынан алынған мәліметтер негізінде тапсырысшы өз қаражаты есебінен алдын ала келісім бойынша сәулет органымен нобайдың жобалау құжаттамасының құрамына шағын ауданның және (немесе) көше көрсеткісін, ғимараттың, құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткіші ғимараттың реттік нөмірінің көрсеткісін, осы Қағида талаптарына сәйкес көше, шағын аудандар атауларының көрсеткілерін дайындайды және орнатады;
      2) ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің, көшелер мен шағын аудандардың атаулары өзгерген жағдайда ғимараттардың, құрылыстардың реттік нөмірлерінің тиісті көрсеткілерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілерін және өзге де көрсеткілерін айырбастауды және орнатуды ҚАЖ мәліметтері негізінде сыртқы жарнама және безендендіру жөніндегі орган жүзеге асырады.
      55. Ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілерін орнату мемлекеттік бюджет қаражаттары, сондай-ақ инвесторлар қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
      56. Ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің, салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың қасбетіндегі көшелер мен шағын аудандар атаулары көрсеткілерінің орнатылуына және дұрыс салынуына тапсырысшылар жауапкершілік алады.
      57. Қасбеттерінде көрсеткілер орнатылған ғимараттарды, құрылыстарды бұзғанда көрсеткінің құны ғимаратты, құрылыстарды бұзу жөніндегі шығындар құрамына енгізіледі және оның бастамасы бойынша бұзуға жататын ғимарат, құрылыс, белгіленген тәртіппен меншік иесіне (пайдаланушыға және баланс ұстаушыға) қайтарылады.
      58. Бірнеше бұзылған ғимараттардың орындарына салынған ғимараттар, құрылыстар қасбеттерінде көрсеткілер осы Қағиданың шарттарына сәйкес сәулет органының келісім бойынша орнатылады.
      59. Көрсеткілер жол белгілері, сыртқы жарнама құралдары және бар бір тіреуішке, (тірекке, құрылыстарға) орнатылмауы тиіс. Көрсеткілерді бағдаршам тіреуішіне орнатуға жол беріледі.
      60. Көрсеткілер тәулік уақытынан тәуелсіз ажыратылуы тиіс.

§ 2. Көше атауларының көрсеткілері

      61. Көше атауларының көрсеткілері қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан ғимараттар мен құрылыстарда орналыстырылады.
      62. Көше атауларының көрсеткілері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе құрылыстың бұрышынан 25-30 см қашықтықта қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орналастырылады. Егер екі қиылыстың арасындағы ара қашықтық бес жүз метрді құраса, айрықша болып табылады – көше атауларының екі көрсеткінің арасындағы ара қашықтық аталған мөлшерден аспауы қажет.
      63. 1 санаттағы көше атауларының көрсеткілері магистральды қозғалысы жылдам және реттелетін жолдарға, 1 санаттағы көше атаулары көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
      64. 2 санаттағы көше атауларының көрсеткіштері 2 санаттағы көше атаулары көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті аудандық маңызы бар магистральды көшелерге, жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
      65. 3 санаттағы көше атауларының көрсеткілері 3 санаттағы көше атаулары көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне жататын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.

§ 3. Шағын аудан(дар) атауларының көрсеткілері

      66. Шағын аудандар атауларының көрсеткілері шағын ауданға жататын және шағын аудандарды шектеп тұратын көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға немесе шағын ауданды көшелермен және шағын ауданға шығаберістермен шектеу нәтижесінде пайда болған шартты қиылыстарға орнатылады.
      67. Егер екі қиылыстың арасындағы ара қашықтық бес жүз метрді құраса, айрықша болып табылады – көше атауларының екі көрсеткінің арасындағы ара қашықтық аталған мөлшерден аспауы қажет.
      68. Шағын аудандар ауылдар атауларының көрсеткілері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе құрылыс бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта қиылыс немесе шартты қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орналастырылады.
      69. 1 санаттағы шағын аудандар атауларының көрсеткілері магистральды қозғалысы жылдам және реттелетін жолдарға, 1 санаттағы шағын аудандар атаулары көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жалпы қалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
      70. 2 санаттағы шағын аудандар атауларының көрсеткілері 2 санаттағы шағын аудандар атаулары көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті аудандық маңызы бар магистральды көшелерге, жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
      71. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде шағын аудандардың атауларының көрсеткіштері орнатылған болса, көше атауларының көрсеткісі белгіленбейді.

§ 4. Объектілердің реттік нөмірінің көрсеткілері

      72. Ғимараттың, құрылыстардың реттік нөмір көрсеткісіне және әрбірінің қасбетіне көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен, ал кешенің оң жағы бойынша жұп сандармен, жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 см қашықтықта орналастырылады.
      73. Егер ғимарат, құрылыстардың қасбетінде көше немесе шағын аудан атауының көрсеткісі, ғимарат, құрылыстың реттік нөмірінің көрсеткісі көше немесе шағын аудан атауының көрсеткісінен кейін көлденең ось бойынша орнатылады.
      74. 1 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткілері магистральды қозғалысы жылдам және реттелетін жолдарға, 1 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жалпы қалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
      75. 2 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткілері 2 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
      76. 3 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткілері 3 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне жататын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
      Шағын аудандар мен орамдар ішінде 3 санаттағы ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткілері 3 санаттағы ғимараттар, құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткісінің үлгілік нобайына сәйкес жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 см қашықтықта, орамішілік жолға шығатын ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінің сол жағына орналастырылады.

§ 5. Көше атауларының бұрыштық көрсеткілері

      77. Көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан көшелер (аншлагтар) атауларының бұрыштық көрсеткілері көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналастырылады және биіктігі 4 метрден аспайтын металл тіректерде орналастырылады.

8-тарау. Инвесторлар есебінен атаулардың көрсеткіштерін және реттік нөмірлерін дайындау және орнату
§ 1. Жалпы талаптар

      78. Инвесторлар өз есебінен ұйымдардың беделі жарнамасы және (немесе) өнімінің дайындалған көрсеткіштерін орнату арқылы қала бөліктері атауларының көрсеткіштерін, объектілердің реттік нөмірлерін әзірлей және орната алады, бұл ретте орналастырылатын бедел жарнамасының көлемі көрсеткіштің барлық көлемінің елу пайызынан аспауға тиіс. Бедел жарнамасы өнімнің деректемелері, байланыс телефондары немесе ұйым немесе өнім туралы өзге де ақпарат көрсеткіштерінсіз қандай да бір ұйымның және (немесе) өнімнің тауарлық белгісін, атауын бейнелеу болып табылады.
      79. Үлгілік нобайларға сәулет органы келісім береді.
      80. Инвесторлар қала бөліктерінің атауларының және объектілердің реттік нөмірлері көрсеткілерін дайындау және орнату конкурстық негізде берілген сәулет органының рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін.

§ 2. Елді мекендер атауларының көрсеткілерін және реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс өткізу тәртібі

      81. Елді мекендер атауларының көрсеткілерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс өткізу үшін сәулет органы тілдер жөніндегі органның, сыртқы жарнама және безендіру жөніндегі органның қызметкерлерін тарту арқылы комиссия құрады.
      82. Комиссия мынадай өкілеттіктерге ие:
      1) конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама мәтінін бекітеді;
      2) конкурсқа қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдайды;
      3) қала бөліктері атауларының көрсеткілерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс жеңімпазын анықтайды.
      83. Конкурс өткізілгенге дейін он күн бұрын жарияланған конкурс туралы ақпараттық хабарламада мынадай ақпараттар мазмұндалуы тиіс:
      1) көрсеткілер орнатылуы тиіс объектілерде қала құрылысы элементінің атауы және дәл орналасқан жері;
      2) орнатылуы тиіс елді мекен атауының және реттік нөмірлері орнатуға қажетті көрсеткіштерінің саны;
      3) қатысушылардың өтініштерін қабылдау орны және нақты уақыты (конверттерді ашқанға дейін бір сағат уақыт қалғанда);
      4) конкурсқа қатысушының өтініштері бар конвертті ашу орны, күні және уақыты;
      5) конкурсқа қатысу үшін кеңес алуға болатын орын және байланыс телефондарын (нобайларға талаптар).
      84. Елді мекендер атауларының көрсеткілерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс қатысушысының өтінішінде мынадай құжаттар мен мәліметтер болуы тиіс:
      1) конкурсқа қатысушының – заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
      2) үлгілік нобайларға сәйкес келетін елді мекен атауының көрсеткілерін және реттік нөмірлерінің атауын орналастыруға ұсынылатын нобайлар;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпараттар.
      85. Конкурс қорытындысын комиссия конкурс қатысушыларының ұсыныстары бар конверттерді ашқан сәттен бастап жеті күннен кешіктірмей жүргізеді. Конкурстың бір қатысушысы болған жағдайда өтті деп саналады.
      86. Конкурс қорытындысын туралы хаттама негізінде сәулет органы елді мекен бөлігі атауларының объектілердің реттік нөмірлерінің көрсеткілерін дайындауға және орнатуға рұқсат береді.
      87. Жеке және заңды тұлғаның құқығына тиесілі жылжымайтын мүлік объектілерінде бедел жарнамасы мазмұндалған көрсеткілерді орнату оның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
      88. Елді мекен бөлігі атауларының көрсеткілерін дайындауға және орнатуға рұқсат инвестордың осы Қағиданың талаптарын орындамаған жағдайда сәулет органымен күшін жоюы мүмкін.

9-тарау. Қосымша талаптар

      89. Жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмір беру жөніндегі мәліметтер ҚАЖ ақпараттық мәліметтер базасында міндетті тіркелуге жатады.
      90. Реттік нөмірлер уақытша тұрғыдағы объектілерге, жеке тұлғаның меншігіндегі және (немесе) гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, қаланың инженерлік инфрақұрылым объектілерінің, бақ және саяжай учаскелерінің құрамына енетін шаруашылық жапсаржайларға, гараждарға берілмейді.
      91. Уақытша тұрғыдағы объектілердің жеке реттік нөмірі жоқ, бірақ анықтамамен жақын орналасқан объектінің тұрақты реттік нөмірімен олардың орналасқан жері нақтылануы мүмкін.
      92. Гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, бақ және саяжай учаскелерінің құрамына енетін, тиісті бақ қоғамын құрайтын гараждардың орналасқан жерін анықтау осы кооперативтерді басқару органының шешімімен белгіленеді, бұл әрбір объектіге жеке реттік нөмір беріледі. Тиісті басқару органдары болмаған жағдайда жеке нөмірлерді беруді сәулет органдары жүзеге асырады.
      93. Әзірлейтін және шығаратын ұйымдардың құжаттарда объектілердің реттік нөмірлері туралы мәліметтерді толтырғанда жер учаскелерінің, ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірін өз еркімен жазуына тыйым салынады.
      94. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде осы Қағиданың талаптары бұзылып, орнатылған көрсеткілер ғимарат, құрылыс иесімен (баланс ұстаушымен) немесе оған қызмет қөрсететін тұлғамен бөлшектеуге жатады.
      95. Ғимараттар мен құрылыстардың иелеріне (баланс ұстаушылары) ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткілерінің, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілері түзетілген жағдайда ұстау ұсынылады.
      96. Көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілері, ғимараттар мен орын-жайлардың көрсеткілері қатардан шыққан, жоғалған, зақым келген, ескірген жағдайда меншік иелеріне (баланс ұстаушылар) ауыстыруға ұысынылады.
      97. Ғимараттар мен орын-жайлар иелері (баланс ұстаушылары) көрсеткіштер орнатылған объектіге, көрсеткілерді орнатуды, ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметкерлеріне үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етуі ұсынылады.

3-бөлім. Қала құрылысы элементтерінің атаулары немесе объектілердің реттік нөмірлері өзгергеннен кейін құқығын куәландыратын және өзге де құжаттарға өзгерістер енгізу тәртібі

      98. Мәслихат пен әкімдіктің белгілі тәртіпте жарияланған қала құрылысы элементтерін (көшелер, шағын аудандар және тағы басқалар) қайта атау туралы бірлескен шешімі, сондай-ақ объектілердің реттік нөмірлерін өзгерту туралы сәулет органының бұйрығы жеке және заңды тұлғалардың оған тиесілі меншікке (шаруашылық жүргізу, жедел басқару) құқығын куәландыратын құжаттарға, белгіленген тәртіпте өзге де құжаттарға өзгерістер енгізуге ынтагерлік білдіруіне негіз болып табылады.
      99. Құжаттарға аталған өзгерістерді енгізу тіркеу органында мүлікке қатысты қандай да мәмілелерді тіркеген сәтте жеке және заңды тұлғаның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

4-бөлім. Қорытынды ережелер

      100. Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға орындау ұсынылады.
      101. Осы Қағидада қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады