Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімиятының 2009 жылғы 7 шілдедегі № 162 "Атырау облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауын, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу қағидасын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2551 тіркелген, 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Атырау" газетінің № 106 санында жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбында:
"қайта атауын" деген сөздер "атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"белгілеу қағидасын" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының бүкіл мәтіні бойынша:
"қайта атауын" деген сөздер "атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"талаптарын белгілеу Қағидасы" деген сөздер "талаптары" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауын, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
Қағиданың бүкіл мәтіні бойынша "мәслихатқа" деген сөзден кейін ", кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтерінің әкімдеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тараудың:
7-тармағында:
4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
7-абзац мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Атырау облысындағы мемлекеттік меншік объектілеріне атау беру және қайта атау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.";
көрсетілген Қағиданың орыс тіліндегі мәтінінде:
2-бөлімінің атауындағы "городов и других" деген сөздер алынып тасталсын;
18-тармағындағы "городов" деген сөз "населенных пунктов" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Аманғалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Рысқалиев |