Атырау облыстық әкiмиятының 2009 жылғы 7 шiлдедегi № 162 "Атырау облысының елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi қағидасын, жер учаскелерiне, ғимараттар мен құрылыстарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 65 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 наурызда № 2878 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 08.01.2016 № 1 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облыстық әкiмиятының 2009 жылғы 7 шiлдедегi № 162 "Атырау облысының елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi қағидасын, жер учаскелерiне, ғимараттар мен құрылыстарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2551 тіркелген, 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының және көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысының елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi қағиданың, жер учаскелерiне, ғимараттар мен құрылыстарға реттiк нөмiрлер беру талаптарының (бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік тілдегі мәтінінде "әкімияты", "әкімиятқа", "әкімият", "әкімияттың", "әкімиятының" деген сөздер сәйкесінше "әкімдігі", "әкімдікке", "әкімдік", "әкімдіктің", "әкімдігінің" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тілдегі мәтін өзгертілмейді;
      2) Қағидада:
      орыс тілдегі мәтінде 4-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "4. Органы по развитию языков имеют следующие полномочия:";
      7-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "3) ономастикалық комиссия тiлдердi дамыту жөнiндегi органға материалдар ұсынған сәттен бастап 30 күн iшiнде әкiмдікке және мәслихатқа, кент, ауыл, ауылдық округтердiң әкiмдерiне қала құрылысы элементтерiне атау беру және атауын өзгертуді ұсыну шешiмін қабылдайды;";
      14-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "2) әкiмдік пен мәслихатқа, кент, ауыл, ауылдық округтердiң әкiмдерiне елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау берудi, атауын өзгертуді ұсынады;";
      14-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "3) әкiмдік пен мәслихатқа, кент, ауыл, ауылдық округтердiң әкiмдерiне елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерi атауларының транскрипциясын нақтылауды ұсынады;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
Б. Ізмұхамбетов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады