Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 136 қаулысы. Жылыой аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 маусымда N 4-2-118 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 543 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес әскерге шақырылушыларды кезектi әскерге шақыру және облыстық жинақтау пунктiне жөнелту, кезектi аудандық шақыру пунктiн сапалы және уақытында қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2009 жылдың сәуір-маусымында айларында Жылыой ауданы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығынан айырылған 27 жасқа дейінгі ересек жастағы азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, басқада әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Ұйымдар, мекемелер басшыларына Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмі қарамағына 2-қосымшаға сәйкес техникалық қызметшiлер бөлу ұсынылсын.
      4. Поселке және селолық округ әкiмдерi 3-қосымшаға сәйкес әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру комиссиясының өтулерi және қосымша тексеру үшiн дәрiгерлiк мекемелерге тұрғылықты жерiнен Атырау облысы Жылыой аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге және керi қарай тұрғылықты жерiне дейiн жеткізуді қамтамасыз етсiн.
      5. Атырау облысы денсаулық сақтау департаментінің Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келiсiм бойынша):
      1) әскерге шақырылушылардың қан және зәр құрамын айыруды, кеуде органдарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау (ЭКГ-электрокардиограмма) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсi (ЖҚТБ) және мерез ауруларына тексеру үшiн емдеу профилактикалық мекемелерден қажеттi мөлшерде орын бөлу;
      2) денсаулығына байланысты әскерге шақырылу мерзiмi кейiнге қалдырылған дiмкес жастарды емдеу-сауықтыру шараларын өткiзудi ұйымдастыру ұсынылсын.
      6. Атырау облысының ішкі істер департаменті Жылыой ауданының iшкi iстер бөлiмiне (келiсiм бойынша) Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп (келiсiм бойынша):
      1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезiнде Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiммен бiрге шақыру пунктiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету;
      2) әскерге шақыру комиссияларына белгiленген мерзiмде келмеген адамдарды жедел iздестiрiп тауып, Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне жеткiзу;
      3) Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмнiң жинақтаушы пункiтiнде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн полицияның күшейтiлген нарядын бөлiп, командаларды көлiкке отырғызу жүргiзiп жiберу, сонымен бiрге шақырылушылар колоннасын (шақырылушылар санына қарамастан) жол полиция басқармасы нарядымен бастап шығарып салу ұсынылсын.
      7. Жылыой ауданы қаржы бөлiмi 2009 жылғы бекiтiлген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктiне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      8. Жылыой аудандық әкімиятының 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 228 "Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" қаулының (Жылыой аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 23 қыркүйек N 4-2-97 мемлекеттік тіркеу санымен тіркелген, "Кең Жылой" газетінде 2008 жылы 16 қазанда N 42 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы қауылының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Сағиевке жүктелсiн.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Аудан әкiмi С. Дүйсенғалиев

      Келісілді:
      Атырау облысының ішкі істер
департаменті Жылыой ауданының
ішкі істер бөлімінің бастығы
Н. Оразбаев
      28.04.2009 ж
      Атырау облысы денсаулық сақтау
департаментінің Жылыой аудандық
орталық ауруханасының бас дәрігері
Т. Қыдырбаев

      28.04.2009 ж.
      Атырау облысы Жылыой ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы
Д. Тілеуов
      28.04.2009 ж.
      Атырау облысының ішкі істер ішкі
істер бөлімі бастығының
      орынбасары А. Минтаев
      28.04.2009 ж.
      Жылыой аудандық емханасының
жасөспірімдер дәрігері
Б. Тасымбаева
      28.04.2009 ж.
      Жылыой аудандық емханасының
мейірбекесі
Ж. Мұсылманова
      28.04.2009 ж.
      "Қазақстан теміржолы Ұлттық
      Компаниясы" акционерлік қоғамы
      Құлсары жол дистанциясы
      филиалының бастығы Б. Тайбеков
      ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру"
акционерлік қоғамының
"Жылыоймұнайгаз" мұнай газ өндіру
      басқармасының бастығы А. Ғабдуллин
      28.04.2009 ж.
      "КазТрансОйл" акционерлік қоғамының
"Құлсары мұнай құбырлары"
басқармасының бастығы
А. Бешімов
      28.04.2009 ж.

  Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 136 қаулысына 1-қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық әскери шақыру комиссиясының құрамы

      Тілеуов Дастан Құбашұлы - Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
      Сағиев Мажит Сағиұлы - Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
      Мұсылманова Жәмила - Жылыой аудандық емханасының мейірбикесі,
      Нағметұллақызы комиссия хатшысы (келісім бойынша)
      Комиссия мүшелері:
      Минтаев Азат Спатайұлы - Атырау облысының ішкі істер департаменті Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
      Тасымбаева Баян Тасымбайқызы - Жылыой аудандық емханасының жасөспірімдер дәрігері (келісім бойынша)

  Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 136 қаулысына 2-қосымша

Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлер

Р/с
Мекеменің аты
Бөлу мерзімі
Қызметкерлер саны
1
Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Мамыр 30 маусым
10
2
"Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Құлсары жол дистанциясы филиалы (келісім бойынша)
Мамыр 30 маусым
1
3
"ҚазМұнайгаз Барлау Өндіру" акционерлік қоғамының "Жылыоймұнайгаз" мұнай газ өндіру басқармасы (келісім бойынша)
Мамыр 30 маусым
1
4
"КазТрансОйл" акционерлік қоғамының "Құлсары мұнай құбырлары" басқармасы (келісім бойынша)
Мамыр 30 маусым
1

      Қазақстан Республикасы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес техникалық қызметкерлердің Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өз міндеттерін атқарған уақыттарында, олардың жұмыс орны мен орташа айлық жалақысы сақталады.

  Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 136 қаулысына 3-қосымша

2009 жылғы көктемгі әскер қатарына шақырылушылардың
дәрігерлік комиссиядан өту КЕСТЕСІ

№ Р/С
Поселкелік, селолық аймақтардың атаулары
Комиссиядан өту күндері
мамыр-маусым
1
Жаңа-Қаратон
6, 14, 22, 1, 9, 17, 25
2
Қара-Арна
7, 15, 25, 2, 10, 18, 26
3
Қосшағыл
8, 18, 26, 3, 11, 19, 29
4
Жем
11, 19, 27, 4, 12, 22, 30
5
Ақкиізтоғай
12, 20, 28, 5, 15, 23
6
Майкөмген
5, 13, 21, 29, 8, 16, 24
7
Құлсары
мамыр-30 маусым

      Күнделікті комиссия өтетін күндері:
      Мамыр - 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29;
      Маусым - 1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады