Ескерту. Күші жойылды - Жылыой ауданы әкімдігінің 2013.03.07 № 123 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Жылыой ауданы бойынша Атырау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Далбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Нұғманов
Жылыой аудандық әкімиятының
2009 жылғы 5 қазандағы
№ 316 қаулысына қосымша
Жылыой ауданы бойынша Атырау облыстық маслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
№ |
Елді мекен |
Орналастырылатын жері |
1 |
Құлсары қаласы |
И. Тайманов көшесі бойындағы Беркад базарының алдында |
"Бәйтерек" аялдамасының жанында |
||
Теміржол вокзалы ғимаратының алдында |
||
№ 20 мектеп ғимаратының алдында |
||
2 |
Жаңа Қаратон поселкесі |
№ 23 мектеп ғимаратының алдында |
3 |
Ақкиізтоғай селолық округі |
"Жаңа Таң" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының алдында |