Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтың құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және облыс әкімиятының 2009 жылғы 7 шілдедегі № 162 "Атырау облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауын, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу қағидасын бекіту туралы" қаулысы мен аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 7 шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Ақкиізтоғай селолық округінің атаусыз көшелеріне төмендегі елге танымал адамдар мен жер-су атаулары берілсін:
№ 1 - Шалкиіз Тіленшіұлы көшесі;
№ 2 - Сыпыра Жырау көшесі;
№ 3 - Молхат көшесі;
№ 4 - Ілияс Жансүгіров көшесі;
№ 5 - Айжарық Көшербайұлы көшесі;
№ 6 - Түркеш көшесі;
№ 7 - Жәңгір хан көшесі;
№ 8 - Сүйінбай Аронұлы көшесі;
№ 9 - Жаңа таң көшесі;
№ 10 - Мөңке би көшесі;
№ 11 - Ақберен көшесі;
№ 12 - Қайшыбай Боқанов көшесі;
№ 13 - Меңдекеш Сатыбалдиев көшесі.
2. Осы көше тұрғындарына көшені ауылдағы үлгілі көшеге айналдыру, көше тәртібі мен тазалығын сақтау ұсынылсын.
3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Селолық округі әкімі | М. Бектембаев |