Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және облыс әкімиятының 2009 жылғы 7 шілдедегі № 162 "Атырау облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауын, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік номерлер беру талаптарын белгілеу қағидасын бекіту туралы" қаулысы мен аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 7 шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Қара-Арна селолық округінің Шоқпартоғай селосы көшелеріне төмендегі елге танымал адамдар мен жер су атаулары берілсін:
Шоқпартоғай селосы бойынша:
№ 1 – Жаңажол;
№ 2 – Алға;
№ 3 – Қызылтаң;
№ 4 – Ақтайлақ;
№ 5 – Досының ағы;
№ 6 – Тайкеткен;
№ 7 – Қазақстан;
№ 8 – Ракөш;
№ 9 – Иманғара;
№ 10 – Жұбан тамы;
№ 11 – Қызыл дихан;
№ 12 – Құлманбет Жамансарыұлы;
№ 13 – Қойқара;
№ 14 – Жаршық;
№ 15 – Ақжал.
2. Берілген көше атауын тұрғындарға оларды ауылдағы үлгілі көшеге айналдыру, көше тәртібі мен тазалығын сақтау ұсынылсын.
3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округі әкімі Е. Елеусінов |