1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы N 1 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда 4-3-112 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы"    Заңының 33-бабының 13 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74–III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17, 44-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібінің Ережесі туралы" қаулысын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:    
      1. 2009 жылдың қаңтар, наурыз айларында Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 1992 жылы туылған және түрлі себеппен жасы 18-ден асқан, бұрын әскери есепке тіркелмеген аудан территориясында тұратын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
      2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (1 қосымша). Комиссия жұмысы 2, 3 қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылсын.
      3. Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша):
      1) селолық округ әкімі аппараттарының әскери есепке жауапты мамандарымен бірлесіп, тіркелуге тиісті 1992 жылы туылған азаматтардың тізімін анықтау, шақыру, хабарлау, тіркеуден өткізуді ұйымдастыру шарасын алу ұсынылсын.
      4. Аудандық емханаға (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін, медициналық дәрігер мамандармен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі техникалық қызметкерлермен, аудандық "Қазақтелеком" бөлімшесіне (келісім бойынша) байланыс нүктесімен қамтамасыз ету ұсынылсын. (4-қосымша).
      5. Аудандық емханаға (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық байқау комиссиясына дейін азаматтардың қанының тобын, резус факторын, кеуде органдары (флюрографиялық зерттеу), электрокардиограмма, анализдерін анықтау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын. (2-қосымша).
      6. Аудандық білім бөліміне әскери есепке тіркелетін жастарды ұйымдасқан түрде мектептердің бастапқы әскери пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісінің басқаруымен жеке іс қағаздарына қажетті құжаттарды дайындап, шақыру учаскелеріне әкелуді ұйымдастыру міндеттелсін.
      7. Селолық округ әкімдері мекеме-кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 1992 жылы туылған, әскери есепке тіркелмеген жастарды керекті құжаттармен осы іске жауапты қызметкердің басқаруы арқылы шақыру учаскесіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
      8. Махамбет аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) заңдылыққа сәйкес шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне келмеген адамдарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөнінде қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп іс–қимыл көрсетуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      9. Аудандық қаржы бөліміне жергілікті бюджет есебінен әскери есепке тіркелу шараларын өткізу үшін қажетті қаржы бөлу тапсырылсын.
      10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
      11. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
 
       Аудан әкімі                              Р. Сисатов
 
      Шешім ескертулерсіз келісілді:
  
      Аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығы майор            Б. Қартқожақов
 
      Аудандық емхананың бас дәрігері          А. Жұмыров
 
      Аудандық ішкі істері бөлімінің
      бастығы полиция майоры                   Р. Мырзабаев 
 
      Аудандық "Қазақтелеком"
      бөлімшесінің бастығы                     М. Ожаев

Махамбет аудандық әкімиятының
2009 жылғы 19 қаңтардағы 
N 1 шешіміне N 1-қосымша  

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1992 жылы
туылған жастарды тіркеу кезіндегі комиссияның құрамы:

Қартқожақов              - аудандық қорғаныс істері жөніндегі
Бекболат Жұмабайұлы        бөлім бастығы, комиссия төрағасы
                           (келісім  бойынша);
Мәжиев Қайыржан Мәжиұлы  - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-
                           кадр және мемлекеттік-құқықтық
                           жұмыстары бөлімінің бастығы,
                           комиссия төрағасының орынбасары;
 
                         Комиссия мүшелері
 
Әбілтаев Амангелді       - аудандық ішкі істер бөлімі
Мұратұлы                   бастығының орынбасары
                           (келісім бойынша);
Молдашева Бақтылы        - аудандық емхананың дәрігері,
Үмбетқызы                  шақыру комиссиясының аға дәрігері
                           (келісім бойынша);
Майбасова Құндыз         - аудандық емхананың медбикесі,
Сапарқызы                  шақыру комиссиясының хатшысы
                           (келісім бойынша).

Аудандық әкімиятының   
2009 жылғы 19 қаңтар N 1 
шешіміне 2-қосымша    

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1992 жылы
туылған жастарды тіркеу кезіндегі флюрография және анализ
тапсыру кестесі

Р/с

Мектеп атауы

Өтетін күндері

16.
02
2009

17.
02
2009

18.
02
2009

19.
02
2009

20.
02
2009

23.
02
2009

24.
02
2009

25.
02
2009

26.
02
2009

1

Шонаев ОМ



Х





2

Ағелеуов
ОМ

Х







3

Төленов
атындағы
мектеп-
гимназия




Х




4

Қалыбеков
ОМ





Х



5

Таңдай ОМ








Х

6

Қызылүй ОМ



Х





7

Жалғансай
ОМ

Х







8

Ақтоғай ОМ

Х







9

Алға ОМ









Х

10

Қарашаұлы
ОМ






Х


11

Есбол ОМ


Х






12

Қосарал ОМ


Х






13

КТМ–7






Х Х

14

Бейбарыс
ОМ




Х




15

Алмалы ОМ





Х



      Ескерту: флюрографияға түсіру аудандық емханада

Аудандық әкімиятының 
2009 жылғы 19 қаңтар N 1
шешіміне 3-қосымша 

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1992 жылы туылған
жастарды тіркеу кезіндегі дәрігерлік байқаудан өткізу кестесі

Р/с

Мектеп атауы

Дәрігерлік байқаудан 2009 ж. ақпан айында өтетін күндері

10

11

12

13

16

17

18

19

20

1

Шонаев ОМ



Х





2

Ағелеуов ОМ

Х







3

Төленов атындағы
Мектеп-гимназия




Х




4

Қалыбеков ОМ





Х



5

Таңдай ОМ








Х

6

Қызылүй ОМ



Х





7

Жалғансай

Х







8

Ақтоғай ОМ

Х







9

Алға ОМ









Х

10

Қарашаұлы ОМ






Х


11

Есбол ОМ


Х






12

Қосарал ОМ


Х






13

КТМ–7






Х Х

14

Бейбарыс ОМ




Х




15

Алмалы ОМ





Х



 Аудандық әкімиятының 
2009 жылғы 19 қаңтар N 1
шешіміне 4-қосымша   

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1992 жылы туылған
жастарды тіркеу кезіндегі бөлінген техникалық қызметкерлер

Р/с

Кәсіпорын, мекемелер атауы

Саны

Уақыты

1

Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

1

16.02.2009-
28.02.2009

2

Махамбет селолық округі

3

16.02.2009 - 30.03.2009

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады