Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2011.10.12 № 355 қаулысымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"
қаулысына сәйкес халықтың нысаналы топтарына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыруды реттеу мақсатында аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық әкімиятының 2005 жылғы 17 тамыздағы № 284 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландырудың ережесін бекіту туралы" қаулысының (Махамбет аудандық әділет басқармасында 2005 жылдың 14 қыркүйегінде № 4-3-17 тіркеліп, 2005 жылдың 12 қарашасында № 46 "Жайық шұғыласы" газетінде жарияланған) 1–тармағы "Халықтың нысаналы топтарына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырушылары" деген сөздерден кейін:
"Қорған" шаруа қожалығы (келісім бойынша), "Махамбет" селолық тұтынушылар кооперативі (келісім бойынша), "Раушан" шаруа қожалығы (келісім бойынша), "Райхан" шаруа қожалығы (келісім бойынша)", "Сейтов К.К" шаруа қожалығы деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
Аудан әкімі Р. Сисатов
Қаулы ескертулерсіз келісілді:
КХ "Қорған" басшысы А. Қуанышев
"Махамбет" селолық тұтынушылар
кооперативі басқармасының төрағасы А. Қуанышев
"Раушан" шаруа қожалығы басшысы А. Рахатов
"Райхан" шаруа қожалығы басшысы Р. Бөлекова
"Сейтов К.К" шаруа қожалығы басшысы Қ. Сейтов