Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 15 қарашадағы N 31 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 21 тамыздағы ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Селоның солтүстіктен оңтүстікке қарай 1 (бірінші) көшеге Қабанбай батырдың және 2 (екінші) көшеге Тәуке ханның есімдері берілсін.
2. Селоның шығысынан батысына қарай 6 (алтыншы) көшеге Бурабай есімі берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Селолық округі әкімі О. Қайрекешева