Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс селолық округі әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 37 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына және Махамбет ауданы әкімі аппаратының жанындағы ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 6 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. "Аққайың" елді мекеніндегі көшеге "Тұрар Рысқұлов" атауы берілсін.
2. "Аққайың" елді мекеніндегі көшеге "Нұрпейіс Байғанин" атауы берілсін.
3. Көшенің атаулары мен санын темір қаңылтырдан жасап салдыртуды ұйымдастыру селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Б. Губашевқа міндеттелсін.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау селолық округ әкімі аппаратының бас маманы С. Утегалиеваға жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданылсқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі Г. Жайлашева
Бейбарыс селолық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге атаулар беру туралы
Күшін жойғанАтырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 44 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қарашада N 4-3-130 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс селолық округі әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 37 шешімімен.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз