Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс селолық округі әкімінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 36 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының және Махамбет ауданы әкімі аппараты жанындағы ономастикалық комиссия мәжілісінің 2008 жылғы 27 наурыздағы ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Бейбарыс селосындағы жаңа көшеге Бану Хисмеденова есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау селолық округ әкімі аппаратының бас маманы С. Утегалиеваға тапсырылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданылсқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі Г. Жайлашева