Ескерту. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2010.07.26 N 131 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 31–бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н. Құрманғалиева) селолық округ әкімдерімен және жұмыс беруші кәсіпорын, мекемелермен бірлесіп, "Жастар тәжірибесіне" арналған жұмыс орындарын ұйымдастырсын және осы мақсатта бөлінген қаражатты толық, уақтылы игеруді қамтамасыз етсін.
2. Қосымшаларға сәйкес "Жастар тәжірибесіне" байланысты жұмыс беруші кәсіпорын, мекемелердің тізбесі мен еңбек ақыны есептеу жүйесі бекітілсін (1, 2-қосымшалар).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі З. Сүйнешов
Келісілді:
"Жайықмұнайгаз" өндіру Аудандық салық басқармасының
басқармасының бастығы бастығы
_______________ О. Сарбөпеев _______________ Қ. Насипов
25.05.2009ж. 25.05.2009ж.
Аудандық телекомуникация Жайық–Каспий экология
торабының бастығы департаментінің Исатай ауданы
бойынша мемлекеттік инспекторы
___________________ С.Арыстанов ______________ Қ. Науанов
25.05.2009ж. 25.05.2009ж.
"Әдемі үй–Кірпіш зауыты" "Болат Д" жауапкершілігі шектеулі
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
серіктестігінің директоры
______________ Қ. Қағазов ________________ Н.Қайреденов
25.05.2009ж. 25.05.2009ж.
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 шілдедегі
N 113 қаулысына 1-қосымша
"Жастар тәжірибесін" ұйымдастыратын кәсіпорын, мекемелер тізімі
N |
Мекемелер аты |
Адам саны |
1 |
Жайықмұнайгаз өндіру басқармасы (келісім бойынша) |
10 |
2 |
Аудандық білім бөлімі |
4 |
3 |
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі |
2 |
4 |
Жайық–Каспий экология департаментінің Исатай ауданы |
2 |
5 |
Аудандық салық комитеті басқармасы (келісім бойынша) |
4 |
6 |
Аудандық жер қатынастары бөлімі |
4 |
7 |
Алынып тасталды |
|
8 |
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі |
2 |
9 |
Селолық округтер әкімі аппараттары |
7 |
10 |
Алынып тасталды |
|
11 |
"Әдемі үй–Кірпіш зауыты" жауапкершілігі шектеулі |
3 |
12 |
"Болат Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3 |
13 |
Аудандық телекоммуникация торабы (келісім бойынша) |
2 |
14 |
Аудан әкімдігі |
2 |
15 |
Аудандық Әділет басқармасы (келісім бойынша) |
2 |
16 |
Аудандық қазынашылық бөлімі (келісім бойынша) |
3 |
17 |
Исатай аудандық Халық банк басқармасы (келісім |
3 |
18 |
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік |
2 |
Барлығы |
55 |
Ескерту: 1-қосымшаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Исатай ауданы әкімінің 2009.07.15. N 113 қаулысымен.
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 26 мамырдағы
85 қаулысына 2-қосымша
"Жастар тәжірибесі" бағдарламасына сәйкес бір адамға
төленетін еңбек ақыны есептеу жүйесі
Р/с |
Төленетін еңбекақы |
Оның ішінде |
Қолға тиесілі ақы |
||
Есептелген еңбекақы |
Зейнетақы қорына аудару 10% |
Табыс салығы 10% |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
15000 |
15000 |
1500 |
3 |
13497 |
Есептеу жолы:
1. гр.2 15000 (есептелінген еңбек ақы) – 1500 (ЖЗҚ мөлшері 10%)
5. гр.5 15000 (есептелінген еңбекақы) - 1500 (ЖЗҚ мөлшері 10%) – 13470 = 30*10%=3 теңге.
6. гр. 6 15000 (есептелінген еңбекақы) – 1500 (ЖЗҚ мөлшері 10%)- 3
(табыс салығы)=13497 теңге.