Ескерту. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2010.07.26 N 131 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 31–бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Исатай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы N 85 "Исатай ауданында "Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4-4-139 тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2009 жылғы 25 маусымда N 26 санында ресми жарияланған).
2. Исатай аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы N 85 "Исатай ауданындағы "Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысының 1-қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қосымшаға сәйкес "Жастар тәжірбиесін" ұйымдастыратын кәсіпорын мекемелер тізімінен аудандық прокуратура, "Дан-ис-сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алынып тасталсын;
2) "Жастар тәжірбиесін" ұйымдастыратын кәсіпорын, мекемелер тізіміне аудандық Әділет басқармасы (Н. Жұбанов – келісім бойынша), аудандық қазынашылық басқармасы (Ш. Садықова - келісім бойынша), Исатай аудандық Халық банк басқармасы (Р. Ағелеуова – келісім бойынша) және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі енгізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырылсын.
4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Өтеғалиев Келісілді:
Аудандық қазынашылық Аудандық Әділет
басқармасының бастығы басқармасының
__________ Ш. Садықова бастығы__________Н. Жұбанов
14.07.2009 ж. 14.07.2009 ж.
Исатай аудандық Халық
банк басқармасының
бастығы__________Р.Ағелеуова
14.07.2009 ж.
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 шілдедегі
N 113 қаулысына 1-қосымша
"Жастар тәжірибесін" ұйымдастыратын кәсіпорын, мекемелер тізімі
N |
Мекемелер аты |
Адам саны |
1 |
Жайықмұнайгаз өндіру басқармасы (келісім бойынша) |
10 |
2 |
Аудандық білім бөлімі |
4 |
3 |
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі |
2 |
4 |
Жайық–Каспий экология департаментінің Исатай ауданы |
2 |
5 |
Аудандық салық комитеті басқармасы (келісім бойынша) |
4 |
6 |
Аудандық жер қатынастары бөлімі |
4 |
7 |
Алынып тасталды |
|
8 |
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі |
2 |
9 |
Селолық округтер әкімі аппараттары |
7 |
10 |
Алынып тасталды |
|
11 |
"Әдемі үй – Кірпіш зауыты" жауапкершілігі шектеулі |
3 |
12 |
"Болат Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3 |
13 |
Аудандық телекоммуникация торабы (келісім бойынша) |
2 |
14 |
Аудан әкімдігі |
2 |
15 |
Аудандық Әділет басқармасы (келісім бойынша) |
2 |
16 |
Аудандық қазынашылық бөлімі (келісім бойынша) |
3 |
17 |
Исатай аудандық Халық банк басқармасы (келісім |
3 |
18 |
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік |
2 |
Барлығы |
55 |