Исатай ауданының 1993 жылы туылған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 64 шешімі. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда N 4-4-150 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 2011 жылғы 15 тамыздағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 15.08.2011 № 30 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 161744 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереже" қаулысына, облыс әкімінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 39 "Атырау облысының 1993 жылы туылған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2010 жылдың қаңтар–наурыз айларында Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде (Ж. Қойшыбаев – келісім бойынша) 1993 жылы туылған 17 жасқа толатын, бұрын әскери есепке тіркелмеген аудан территориясында тұратын азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
      2. Қосымшаларға сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия құрылып, медициналық кесте белгіленсін (1, 234-қосымша).

      3. Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Ж. Қойшыбаев - келісім бойынша) әскери есеп столы қызметкерлерімен бірлесіп, тіркелуге тиісті 1993 жылы туылған азаматтардың тізімін анықтау, шақыру, хабарлау, тіркеуден өткізуді ұйымдастыру шарасын алу  ұсынылсын.
      4. Аудандық емхана әкімшілігіне (Ғ. Қабделов – келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеу үшін медициналық тексеруге жабдықталған бөлмелермен, аудандық білім бөлімі, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, "Жайықмұнай" мұнай-газ өндіру басқармасы (Д. Төреғалиев – келісім бойынша) техникалық қызметкерлермен, аудандық телекоммуникация торабына (С. Арыстанов – келісім бойынша) байланыс нүктесімен қамтамасыз ету ұсынылсын (5-қосымша).
      5. Шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар, автокөлікке ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
      6. Аудандық емхана әкімшілігіне (Ғ. Қабделов – келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық байқау комиссиясына дейін азаматтардың қанының тобын, резус факторын, кеуде органдары (рентгенологиялық зерттеу), электрокардиограмма, анализдерін анықтау жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
      7. Аудандық білім бөліміне (Б. Қарабаев) әскери есепке тіркелетін жастарды ұйымдасқан түрде мектептердің бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, сынып жетекшісі және медбикелердің басқаруымен жеке іс-қағаздарына қажетті құжаттарды дайындап, шақыру учаскелеріне әкелуді қамтамасыз ету міндеттелсін.
      8. Селолық округ әкімдері мен мекеме – кәсіпорын басшыларына қызмет ететін немесе жұмыс жасайтын және бұрын түрлі себеппен әскери есепке тіркелмеген 1993 жылы туылған жастардың керекті құжаттармен осы іске жауапты қызметкердің басқаруы арқылы шақыру учаскесіне жеткізілуі ұсынылсын.
      9. Аудандық ішкі істер бөліміне (С. Жапақов – келісім бойынша) заңдылыққа сәйкес тіркеу кезінде шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне келмеген адамдарды шұғыл іздестіру және Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп, іс-қимыл көрсетуді ұйымдастыру ұсынылсын.
      10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
      11. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   З. Сүйнешов

      Келісілді:
Исатай ауданының Қорғаныс            Исатай аудандық ішкі
істері жөніндегі бөлім бастығы       істер бөлімінің бастығы   ______________С. Жапақов            _______________Ж. Қойшыбаев20.12.2009 ж.                        20.12.2009 ж.
"Жайықмұнай" мұнай-газ өндіру        Исатай аудандық емханасының
басқармасының бастығы                бас дәрігері
_______________Д. Төреғалиев         _______________Ғ. Қабделов
20.12.2009 ж.                        20.12.2009 ж
Исатай аудандық телекоммуникация
торабының директоры
_______________С. Арыстанов
20.12.2009 ж.

Аудан әкімінің 2009 жылғы

23 желтоқсандағы № 64 шешіміне

1–қосымша         

Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі
аудандық комиссия құрамы

Қойшыбаев Жандарбек Бисенбайұлы - аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
              бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Жанарыстанов Ғаллем - аудан әкімі аппаратының қаржы–шаруашылық
              бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Дүйсешова Гүлсара Жаңбырбайқызы - комиссия хатшысы (келісім бойынша).
      Комиссия мүшелері:
Бижанова Роза Сембіқызы - аудандық орталық емхананың аға дәрігері
              (келісім бойынша);
Хисметуллин Ахан Ғалламұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
              орынбасары (келісім бойынша).

Аудан әкімінің 2009 жылғы
23 желтоқсандағы № 64 шешіміне
2–қосымша         

Селолық округтер бойынша әскери есепке тіркелетін жастардың флюорографияға түсуге және анализдер тапсыру кестесі

Селолық округтер

Өтетін күндері

5.01.10ж

5.01.10ж

5.01.10ж

6.01.10ж

6.01.10ж

6.01.10ж

6.01.10ж

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Аққыстау селолық округі

Х







2

Тұщықұдық селолық округі


Х






3

Қамысқала селолық округі



Х





4

Жанбай селолық округі




Х




5

Нарын селолық округі





Х



6

Забурын селолық округі






Х


7

Исатай селолық округі







Х

      ЕСКЕРТУ: Флюорографияға түсіру аудандық емханада жүргізіледі.

Аудан әкімінің 2009 жылғы 
23 желтоқсандағы № 64 шешіміне
3–қосымша        

Медициналық комиссия кестесі

Селолық округтер

Өтетін күндері

11.01.2010

12.01.2010

13.01.2010

14.01.2010

15.01.2010

18.01.2010

19.01.2010

20.01.2010

Аққыстау селолық округі Аққыстау орта мектебі Абай орта мектебі

Х

Х







Тұщықұдық селолық округі Мырзағалиев орта мектебі



Х






Қамысқала селолық округі Масалимов орта мектебі Новобогат орта мектебі




Х





Жанбай селолық округі Наубетов орта мектебі





Х




Нарын селолық округі Нарын орта мектебі






Х



Забурын селолық округі Гагарин орта мектебі







Х


Исатай селолық округі Исатай орта мектебі








Х

Аудан әкімінің 2009 жылғы 
23 желтоқсандағы № 64 шешіміне
4–қосымша        

 Аудандық дәрігерлік комиссия құрамы

Бижанова Роза Сембіқызы – Аудандық емхананың аға дәрігері комиссия
                          төрағасы, (келісім бойынша);
Булекбаева Роза Бақытжанқызы – Аудандық емхананың невропатологы                     Комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Дюсешова Гүлсара Жаңбырбайқызы - аудандық емхананың медбикесі,                      Комиссия хатшысы (келісім бойынша).
      Комиссия мүшелері:
Абдіғали Рашадин Көнебаевич – аудандық емхананың хирургі (келісім                    бойынша);
Дюсалиева Бағила Молдағалиқызы - аудандық емхананың стоматологы                     (келісім бойынша);
Исакулов Кайрат Хисметоллаұлы - аудандық емхананың психонаркологы                   (келісім бойынша);
Кадралиева Айымгүл Кәкімжанқызы- аудандық емхананың окулисті (келісім                бойынша);
Қуанышева Ләззат Бүркітқызы - аудандық емхананың кардиологы                         (келісім бойынша);
Қуандыков Алексей Иманбаевич - аудандық емхананың рентгенологы                      (келісім бойынша);
Муханова Рая Көшеновна - аудандық туберкулез ауруханасының бас                      дәрігері (келісім бойынша);
Төлегенова Нина Боранқұлқызы - аудандық емхананың отарингологы
             (келісім бойынша).

Аудан әкімінің 2009 жылғы
23 желтоқсандағы № 64 шешіміне
       5–қосымша       

Азаматтарды әскери есепке тіркеу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мекемелер арқылы бөлінетін техникалық қызметкерлердің саны

Кәсіпорын, мекемелер атауы

Саны

Бөліну күні

1

"Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасы

1

1.01.2010ж. 31.03.2010ж.

2

Аудандық білім бөлімі

1

1.01.2010ж. 31.03.2010ж.

3

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

1

1.01.2010ж. 31.03.2010ж.

4

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2

1.01.2010ж. 31.03.2010ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады