Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметке бір жолғы талон құнын 2010 жылға белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 154-IV шешімі. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда N 4-4-152 тіркелді. Күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 247-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 25.01.2011 № 247-IV шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 8 және 36 баптарының негізінде Исатай аудандық салық басқармасының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 1871 санды ұсынысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі мен кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Бір жолғы талон негізіндегі арнайы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі мен кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық, экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Қабделов) жүктелсін.
      4. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХVІ сессиясы төрағасы                        С. Қабделов

      Аудандық мәслихат хатшысы                    Ж. Қадимов

2009 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 154-ІV нормативтік   
құқықтық кесімге 1-қосымша

Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құнының тізбесі

р/с №

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Бір күндік талон құны (теңге)

1

Тұқым егетін көшеттер мен ағаш көшеттерін сату

30

2

Бау-бақша өнімдерін сату

50

3

Бау-бақша өнімдерін көлік құралдарында сату

250

4

Саяжайларда тұрғын үй учаскелерінде өсірілген гүл өнімдерін сату

30

5

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату

100

6

Жем шөп сату

300

7

Жеке меншік трактормен жер учаскелерін өңдеу жұмыстары

250

8

Газет және журналдар сату

50

9

Жеке адамдардың өз малдарынан алынатын өнімдерін сату:


10

Ет

200

11

Сүт

50

12

Балық сату

100

13

Ұсақ мал сату (әр басына)

50

2009 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 154-ІV нормативтік  
құқықтық кесімге 2-қосымша

Бір жолғы талон негізіндегі арнайы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі

р/с №

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Бір күндік талон құны  (теңге)

1

Азық-түлік өнімдерін сату

100

2

Нан және ұннан жасалған өнімдерді сату

80

3

Сүт және сүттен жасалған өнімдерді сату

50

4

Киімдер мен аяқ киімдер сату

160

5

Парфюмерия, косметика сату

160

6

Ойыншық, сувенирлер сату

160

7

Шаруашылық тауарлар, ыдыс аяқ, хрусталдар сату

180

8

Кеңсе бұйымдарын сату

120

9

Қосалқы бөлшектерін сату

200

10

Шаруашылық өнімдерін



а) Ет сату

300


б) Құс, шұжық, сыр тағамдарын сату

120


в) Май тағамдарын сату

120


г) Кондитер тағамдарын сату

120


д) Жұмыртқа сату

50


ж) Жеміс-жидек, көкіністер сату

100

11

Азық-түлік өнімдерін көлік құралдарынан сату



а) Жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету/тамақ өнімдерін және жеміс жидектерін сату/1,5 тоннаға дейін

250


б) Жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету /тамақ өнімдерін және жеміс жидектерін сату/ 5 тоннаға дейін

400

12

Балық өнімдерін сату

200

13

Ұсақ түйек тағамдар сату (чай, самса, т.б.)

60

14

Теріден жасалған бұйымдар сату

200

15

Мал сату ірі қара 1 басқа

300

16

Ұсақ мал сату 1 басқа

50

17

Киім тігу, тоқып сату

200

18

Жүннен тоқылған өнімдер сату /кілемше, шұлық, қолғап т.б./

50

19

Құс сату 1 бас

80

20

Балапан сату (10 бас)

75

21

Қамыс байлау, сату (қамыс плита)

200

22

Құрылыс заттары (цемент, ағаш, шифр т.б)

250

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады