Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 қаңтардағы № ІV-2 "Қызылқоға ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысының Қызылқоға ауданы мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № Х-10 шешімі. Әділет департаменті Қызылқоға ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 маусымда № 4-5-109 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 28.09.2023 № 8-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және аудандық әкімияттың 2009 жылғы 20 наурыздағы № 79 қаулысымен ұсынысына сай, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 қаңтардағы № ІV-2 "Қызылқоға ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 13 ақпанында № 4-5-92 санымен тіркелген. Қызылқоға газетінің 2008 жылдың 26 маусымдағы № 26 (377) санында жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібінің 9 бабындағы 11 пайыз шектеулі норма үлесін 5 пайызға дейін түсіріп, шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп бекітілсін.

      3. 2009 жылы Қызылқоға ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындап төлеуге байланысты коммуналдық қызмет тарифтері мен нормаларының өсуіне байланысты, өсу тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Х
сессиясының төрағасы
Т. Губайдуллин
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады