Салық Кодексінің 422-бабының 2-тармағы бойынша 2010 жылғы салық ставкаларының мөлшерін бекiту туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы N XVI-5 қаулысы. Әділет департаменті Қызылқоға ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қаңтарында N 4-5-119 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексін (Cалық кодексі) және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 343 қаулысын басшылыққа алып, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Аудан көлемінде айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері жалғанған № 1 қосымшаға сай бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХVІ-сессиясының төрағасы             Н. Бекешов
      Мәслихат хатшысы                    Т. Бейсқали
 

                                           Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
                                              23 желтоқсандағы
                                        № XVI-5 қаулысына қосымша № 1

      2010 жыл үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген
         салықтың ставкасы      

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Белгіленген бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

5

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

5

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

2

4

Ойын жолы (боулинг (кегельбан) бойынша)

5

83

50

5

Карт (картинг бойынша)

2

12

6

6

Бильярд үстелі

3

25

20

      Ескертпе: 2010 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1413 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады