Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 342 қаулысын басшылыққа алып, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
1. Базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй- жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстарын орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға біржолғы талондардың құны № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік қызметтің жүргізілуін ұйымдастыру аудандық салық басқармасына (З. Нұрмашева - келісім бойынша) және округ әкімдеріне тапсырылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХVІ-сессиясының төрағасы Н. Бекешов
Мәслихат хатшысы Т. Бейсқали
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
21 желтоқсандағы № 342
қаулысына қосымша № 1
Базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда,
базарларда тауарлар өткізу, жұмыстарын орындау, қызметтер
көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар,
дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға біржолғы талондардың
құнының тізбесі
Рет саны |
Кәсiпкерлiк қызметтiң түрлерi |
Миялы |
Басқа ауылдық, селолық округтерiнде |
1 |
Азық-түлiк, ет өнімін, көкөніс-жеміс сату |
170 |
150 |
2 |
Киiм, аяқ киiмдер, парфюмерия, косметика сату |
250 |
200 |
3 |
Шаруашылық (ыдыс-аяқ), кеңсе бұйымдары, ойыншықтар сату |
200 |
150 |
4 |
Қосалқы бөлшектер және шаруашылық бұйымдарын сату |
300 |
250 |