Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2011.07.19 № 311-IV шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы 155-ІІ Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 3, 300, 387 баптарын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 "Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 12 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 52, 53 баптарын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің"204, 288 баптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227 "Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қаулысын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 137 "Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" Бұйрығын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық Бас дәрігерінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 38 "Азық-түлік базарларының құрылымына, ұсталуына және оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" Бұйрығын басшылыққа ала отырып, төртінші сайланған Индер аудандық Мәслихатының ХVІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Индер ауданы инфрақұрылымы аумағын көріктендіру, Индербор кенті және басқа елді мекендерде тазалықты сақтау Ережесі бекітілсін (жалғанды).
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық Мәслихаттың экономикалық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы - депутат Бағдат Сапаров) тапсырылсын.
3. Аудандық Мәслихаттың "Индер ауданы инфрақұрылым нысандары аумағын көріктендіру, Индербор кенті және басқа елді мекендерде тазалықты сақтау Ережелері туралы" 2005 жылғы 1 қарашадағы № 129-ІІІ (мемлекеттік тіркеу № 4-6-30, 23 қараша 2005 жыл, "Дендер" үнқағазының 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 50 санында жарияланған), аудандық Мәслихаттың "Индер ауданы инфрақұрылымы аумағын көріктендіру, Индербор кенті және басқа елді мекендерде тазалықты сақтау Ережелері туралы" 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 115-ІV шешімдерінің күші жойылсын.
4. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Аудандық Мәслихат ХVІ
сессиясының төрағасы Қ. Садиев
Аудандық Мәслихат хатшысы Е. Көшек
Аудандық Мәслихаттың
2009 жылғы 24 сәуірдегі
ХVІ сессиясының № 141-ІV
шешімімен бекітілген
Индер ауданы инфрақұрылымы аумағын көріктендіру,
Индербор кенті және басқа да елді мекендерде
тазалықты сақтау ережесі
1. Жалпы ережелер
Индер ауданы инфрақұрылымы аумағын көріктендіру, Индербор кенті және басқа да елді мекендерде тазалықты сақтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" және 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына сәйкес әзірленіп, аумақты көгалдандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау саласында жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін белгілейді және қарым-қатынасын, сондай-ақ, Индербор кенті және селолық округтердегі инфрақұрылым нысандарының қалыпты жағдайда сақталуын және қорғалуын реттейді. Осы Ереже меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жалгерлердің, құрылысшылардың, ғимарат, құрылыс және құрылғы иелерінің, сол сияқты көрсетілген елді мекен тұрғындарының және аудан көлеміне келген адамдардың барлығын қамтиды.
2. Тазарту, көгалдандыру мен көріктендіру үшін аудан
аумағын шаруашылық жүргізуші субъектілерге бекіту
және қалдықтарды алып кету мен жою
1. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалаудан өткізу жүйесі қалдықтарды жинаудан, жоюдан, зарарсыздандырудан тұрады және тұрмыстық, өндірістік қалдықтарды жоюды қарастырады.
2. Кезекті-жоспарлы тазалау жұмыстары қалдықтар жоятын ұйымдардың, азаматтардың жеке және заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім кестелеріне сай жүргізіледі.
3. Бөліп берілген шекаралардағы инженерлік және көлік инфрақұрылымдары объектілерінің аумағы аталған объектілердің техникалық және пайдалану сипаттамасы ескеріле отырып абаттандырылуға тиіс. Аумақтарды абаттандыру мен күтіп ұстау жөніндегі міндеттер объектілердің меншік иелеріне жүктеледі.
4. Өнеркәсіп аймағын, сондай-ақ қоныстану аумағына орналасқан объектілерінің аумақтарын абаттандыру мен күтіп ұстау жөніндегі міндеттер объектілердің меншік иелеріне жүктеледі.
5. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары іргелес аумақтарды жинауды және санитарлық жай-күйін күн сайын бақылауды қамтамасыз етулері тиіс.
6. Құрылысы жаңадан жүргізілген учаскелердің тазалау жұмысы ғимараттарды пайдалануға берген мезгілден бастап жүргізіледі.
7. Нысандардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің аумақтарында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, мемлекеттік органдардың келісімінсіз дәретханалар, қазылған шұңқырлар және контейнерлерге арналған алаңдарды салуға және оны қайта жабдықтауға болмайды.
8. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, зарарсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.
3. Ортақ қолданыстағы жерлерді тазарту және ұстау
9. Жағажай демалыс аймақтарының, жаппай қыдырыс орындарының және басқа да ортақ қолданыстағы жерлердің аумақтары белгіленген талаптарға сәйкес ұсталады.
10. Қоғамдық түрде пайдаланылатын орындарда (алаңдар, көше, парк, базар, көлік аялдамаларында, демалу орындарында және т.б) урналар қойылуы керек. Халық көп жүретін жерлерде урналар әрбір қырық метр сайын, ал адамдар аз жүретін жерлерде әрбір жүз метр сайын қойылуы керек. Көлік аялдамаларында урналарды қою міндетті түрде жүргізілуі керек. Урналарды тазалау толуына байланысты жүргізіледі.
11. Қоғамдық тамақтану орындарында, ашық алаңдарда, ет пісіретін жерлерде, дүңгіршектерде, сауда орындарына келушілер мен адамдар үшін стационарлық дәретхана болмаған жағдайда көшпелі дәретхана орнатылады.
4. Айрықша аумақ нысандарын тазарту
Айрықша аумақ нысандарында (базарлар, емдеу алдын-алу мекемелері) уәкілетті органдардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды салуға, қайта жабдықтауға, қалдықтарды жинауға, автокөлікті жууға, ыдыстар мен ағаштарды, олар үшін бөлінбеген жерлерге қоюға тыйым салынады.
5. Базарлар
12. Базардың аумағы, оның ішінде кіретін жолдары, жаяу жолдары және жүк түсіретін алаңдардың үсті қатты болып, асфальттануы керек.
13. Базарларды құрылыс орындарына (тұрғын үйлерге, ауруханаларға, мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектептерге) елу метрден жақын орналастыруға тыйым салынады.
14. Базар тікелей даңғылдар мен негізгі көшелердегі көлік жүретін сызықтан шықпауы тиіс, ол негізгі қалалық жолдар желісінен және көшелерден кем дегенде отыз метр қашықтықта орналасуы керек.
15. Азық-түлік базарларында сатып алушы мен сатушыларға арналған су және канализация жүйесімен инженерлік тұрғыдан дұрыс қосылған дәретханалар болуы керек, олар әрбір елу сату орнына бір дәретхана есебімен алынуы қажет.
Канализация жүйесіне қосылуға техникалық мүмкіншілігі жоқ базарларда аула сыртында дәрет қалдықтары сорылып алынатын, су кірмейтін шұңқыры бар дәретханаларды, архитектура және қала құрылысын салу органдарымен, қала құрылысын салу құжаттарында бекітілген тәртіп бойынша аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісіп салуға жол беріледі, олар тамақ өнімдерімен сауда жасайтын қатардан жиырма бес метр ара қашықтықта орналасуы керек. Тұрмыстық–шаруашылық ағынды қалдық суларды әкету шұңқырдың 3/2 бөлігі толғанда жүргізіледі. Дәретханаға баратын жол қатты затпен жабылып, жүру ыңғайлы болуы керек, сондай-ақ оған баратын бағытты анық көрсететін, сілтемелер болуы қажет.
16. Қоқыстарды жинайтын контейнерлер қою үшін асфальтталған немесе бетондалған алаң бөлініп, сауда жасайтын соңғы қатардан және қоймалар аумағынан кем дегенде жиырма бес метр қашықтықта орналасуы керек. Сыйымдылығы он текше метр қоқыс жинайтын контейнерлердің керектігін анықтағанда екі жүз квадрат метр базар аумағына кем дегенде бір қоқыс жинайтын контейнерді орналастыру қажет. Сауда жасайтын қатардың әрбір жиырма метрден соң, базар аумағының әрбір елу квадрат метр есебіне, сыйымдылығы 10-12 кубтік дециметр қоқыс жинағыштарды қою керек.
17. Базар айына бір рет үй-жайды жалпы тазарту, зарарсыздандыру және қажет болған жағдайда дератизациялау шаралар жүргізу үшін тазалық күніне жабылуы керек.
18. Базар аумағы тазалықта ұсталуы керек. Күн сайын жұмыс аяғында базар алаңында негізі тазалау жұмыстарын жүргізіп, жұмыс барысында тазалықты сақтау керек. Қыс мезгілінде базар аумағы және оған кіреберістегі жол, үнемі қардан, мұздан тазартылып отырылуы керек.
6. Кент автожолдарын (өткелдерді) тазарту және ұстау
19. Қозғалыс қарқынды жүретін көшелердің микроклиматын жақсарту үшін жылдың ыстық кездерінде (жиырма бес градус Цельсиядан жоғары болғанда) көшені сумен жуу керек.
20. Жуғыш, тазалағыш машиналарды техникалық сумен толтыру жұмысын – мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік огандарымен келісілгеннен кейін ғана ашық су көздерінен алынған сумен толтыруға болады.
21. Жаңбырдан кейінгі су ағары жоқ көшелер сыпырылып, тазартатын машиналар арқылы тазаланып отыруы керек.
22. Тазарту машиналарының жұмыстары жол қозғалысының ережелерін сақтай отырып жасалады.
23. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары қысқы кезеңде жүру жолдары мен өткелдерден қар жинауды қамтамасыз етуі және оларда мұз жабындарының түсуін болдырмау шараларын қабылдауы тиіс.
7. Үй иелігін тазарту және ұстау
24. Үй иеліктерінің, ұйымдардың, мәдени-көпшілік мекемелерінде, демалыс орындарында қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді қоюға көліктің келуіне ыңғайлы жолы бар арнайы алаң бөлінуі керек. Алаң су өткізбейтін қабатпен жабылып, үш жағынан бұта ағаштармен қоршалуы керек.
25. Тұрмыстық және басқа да қалдықтарды шығару таңғы сағат жетіден ерте болмай, түнде жиырма үш сағаттан кеш болмауы керек.
Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалау жұмыстарын мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
26. Ғимараттарды пайдаланатын мекемелер, тұрғын үй бөлімдері, кәсіпорындар және мекемелер, үйлердің коменданттары мен басқарушылары мыналарды істеуге тиіс:
1) тұрмыстық қалдықтарды жинап әкетуге келісім шартты уақытында жасау;
2) елді мекендердің аумақтарында санитарлық ережелерді сақтауға арналған шараларды тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды орындауға бағытталған шараларды ұйымдастыру;
3) су өткізбейтін қатты беті бар қоқыс жинағыштарға арналған алаңды қарастырып, жабдықтау;
4) аула сыпырушыны тамақ қалдықтарын жинауға, көше мен аула сыпырындысын сақтауға арналған керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
5) қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңдарды, сондай-ақ, басқа да қалдықтарда кездесетін шыбындарға қарсы зарарсыздандыру, дезинсекция, тазалау жұмыстарын жүргізуге шара қолдану.
27. Елді мекеннің аумағын жинайтын ұйым әкімшілігі мыналарды іске асыру керек:
1) тұрғын үйлер, ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындар аумағынан тұрмыстық қатты және сұйық қалдықтарды (келісім шарт бойынша) уақытында әкетуді;
2) әрбір арнайы машинаға маршрут графигі жасалынып, оның қозғалыс сызбасын дайындап, керек болғанда, пайдалану барысында жағдай өзгергенде өзгертулер енгізіп отырулары керек;
3) азаматтардың жеке меншігіне жататын үй құрылыстары жүргізілген ауданда жетісіне кем дегенде екі рет тұрмыстық қатты қалдықтардан тазалаудың тұрақты–жоспарлы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу.
28. Қолайлы тұрғын үй–жайлары қалыптасқанда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға стандартты темір контейнерлер қолданылады ( 0,75 мі ), жеке меншігіндегі үй иелігінде (ағаштан, темірден және басқа да заттардан) жасалған қақпағы бар сыйымдылықтарды пайдалануға болады.
29. Контейнерлер қоятын алаңдар тұрғын үйлерден және қоғамдық ғимараттардан, барлық ұйымдардан, спорттық алаңдардан және халықтың демалатын орындарынан кем дегенде жиырма бес метр жерде орналасып, жүз метрден әрі қашықтықта болмауы керек. Алаңның мөлшері кем дегенде бес контейнер қойылатындай болуы керек. Контейнерлермен алаң шетінің ара қашықтығы 1,0 м кем болмауы керек. Алаңға көлік келетіндей ыңғайлы жол қарастырылуы керек.
30. Контейнерлерден, арнайы автокөліктерден қайталана қолданылатын шикізаттарды (шүберектерді, банкілерді, бөтелкелерді және басқа да заттарды) пайдалану үшін алуға болмайды.
31. Сұйық қалдықтарды канализациясы жоқ үй иелігі қабырғасы су өткізбейтін, төбесі қақпақпен жабылған тазаланылатын шұңқырға құяды. Оның үсті қақпақпен жабылып, қатты қалдықтар үшін торлы көзі болуы керек. Аулалық дәретхана бар жерлерде сорып алу шұңқырлары жалпылай болғаны дұрыс.
32. Канализациямен қосылмайтын ауладағы және қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық үйлерден, балалар ойнайтын алаңнан, дем алатын орындардан кем дегенде жиырма бес метр қашықтықта орналасуы керек.
33. Ауладағы дәретханаларды тазалау күн сайын жүргізілуі керек. Дәретхананың жер бетіндегі бөлігі кеміргіштер мен жәндіктер үшін кіре алмайтындай берік болуы керек. Канализацияға қосылмайтын дәретханалар, қазылған шұңқырлар он күнде бір рет зарарсыздандырылып отыруға тиіс.
34. Жұқпалы аурулар және туберкулезді емдейтін мекемелерден тағам қалдықтарын жинауға болмайды.
35. Сауда нысандарында және қоғамдық тамақтандыру орындарында тамақ қалдықтарын уақытша сақтау мұздатқыш камераларда немесе басқа да суытқыш үй-жайларда жүргізілуі керек.
Тағамдық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар жуу және зарарсыздандыру заттарын қолдана отырып, кем дегенде он күнде бір рет жуылуы керек.
8. Елді мекендердің аумағында шағын сәулет нысанын
орнату мен ұстаудың тәртібі
36. Ішкі көріктендірудің барлық элементтері, соның ішінде сыртқы келбетін әрлеу аумақтық құрылысын реттеуді айқындайтын ережелерге сәйкес орындалуға тиіс.
37. Қоршаулардың, дуалдардың, дүңгіршектердің, шағын сауда орындарының жарнама стендтерінің құрылысын салуға, олардың маңдайшаларын, әр түрлі көрнекі және басқа да қондырғылармен безендіруге белгіленген ретте келісілгеннен соң ғана жол беріледі.
38. Сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының қасбеттері жарықтануы қажет.
39. Тұрғын үй қызметтік, өндірістік және өзге үйлер мен құрылғылардың иелері үйлердің нөмірлік белгілерін, көшелердің көрсеткіштерін, сондай-ақ маңдайшаларды ақаусыз ұсталуы қажет және олар "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңына сәйкес жазылуы тиіс.
9. Инженерлік құрылғыларды, коммуникацияларды,
құрылыс обьектілері мен көліктерді ұстау тәртібі
40. Иелігінде жер саты желілері бар иегерлер газ люктерінің, канализация, су құбыры, жаңбырға арналған және басқа құдықтардың қақпақтарын жолдың төселімі деңгейінде болуын қадағалайды. Олар үнемі ақаусыз жағдайда болуы қажет.
41. Жердің үстіндегі және жер асты суларын ағызатын каналдарды, құбырлар мен дренаждарды, жаңбырдың суын жинайтын құдықтарды тазалау қажеттігіне қарай жүргізіледі, қоқыс сол бойда алып кетіледі.
42. Қоймалардың, базарлардың, карьерлердің, құрылыс алаңдарының және басқа да обЪектілердің иелері мыналарды:
кірме жолдарды, көліктің айналуына арналған алаңдарды таза, ақаусыз ұстауды;
жүретін және іште салынып жатқан жолдарға қатты қабат төсеуді;
ластанған автокөліктер мен құрылыс механизмдерін, көліктің дөңгелектері мен астауларын аталған нысандар көшеге шықпастан бұрын жууды қамтамасыз етеді.
43. Құрылыс алаңдары толықтай белгіленген үлгідегі қоршаулармен қоршалуы қажет.
44. Көшелердегі, үлкен жолдардағы, аумақтағы жөндеу, құрылыс және басқа да жерге қатысты жұмыстарды заңды және жеке тұлғалар белгіленген ретке сәйкес, осындай жұмыстар өндірісіне рұқсат беретін уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырады. Адамдардың қауіпсіздігі үшін жол белгілері мен көрсеткіштері жұмысты орындаушылар туралы ақпарат, жұмыстың жүргізілетін мерзімі, уақытша қолайсыздық туғызғаны үшін халықтан кешірім сұралған хабарлама ілінуі қажет.
45. Тізімін тиісті уәкілетті органдар белгілеп, бекіткен үлкен жүк таситын көліктер мен ауыр техникалардың белгілі бір уақытқа кентке кіруіне және болуына рұқсат болған жағдайда ғана жол беріледі. Тек қатты тұрмыстық қалдықтарды үлкен және басқа да қоқыстарды кенттің тұрғын аумағынан үнемі алып кетіп, тазартып отыратын коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың көліктері ғана арнайы жасақталған шарт кестесі бойынша кентке кіріп, жүре алады.
46. Көлік құралдарының иелері, жеке автокөлік жүргізушілері көлік құралдарын таза ұстаулары қажет. Ластанған көлік құралына кенттің ішінде жүруге рұқсат етілмейді. Көшені ластауы мүмкін сусымалы және де басқа жүктердің беті жақсылап жабылуы тиіс.
47. Пайдаланушылар автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына келтірген залалды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен өтейді.
48. Индербор кенті және аудандағы басқа елді мекендер аумағында қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін автомобиль және өзге де көлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жол берілетін шығарындылар нормативтерін сақтауға, шуыл деңгейін және қоршаған ортаға өзге де теріс әсерді азайту жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
10. Осы ережемен тыйым салынған іс-әрекеттер
49. Мыналарға тыйым салынады:
көшелерде, тротуарларда, көкорайда, қоқыс салғыштарда (контейнерлерде) сондай-ақ үйлердің сыртқы келбеттерінде ағаш, көмір, пішен, сабан, улы химикаттар, металл сынықтарын, минералды тыңайтқыштар және басқа да материалдарды жинауға;
көшелердің өтетін, адамдар жүретін бөлігіне, құрылыстан бос аймақтарға, өзен жағалауына, көшеттер аумағына және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерге қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды (темекінің тұқылы, бөтелкелерді, қағаздарды) тастауға;
шомылуға арналған жерлерде кір жуып, жануарларды шомылдыруға;
жолдың және тротуарлардың адамдар жүретін бөлігінде қоршалмаған газ люктерінің, канализацияға, су құбырына, жаңбыр суына арналған құдықтардың қақпағын ашық тастауға;
көшелерде, саябақтарда, бақшаларда, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерде мал бағуға, жаюға, айдауға, құс бағуға, иттерді қыдыртуға арналған аумақтан басқа жерге қыдыртуға, малдың, иттің қиын тазаламай кетуге;
кент көшелерімен шынжыр табанды көліктің жүруіне;
ортақ қолданыстағы жасыл көшеттер аумағында көкөніс және ауыл шаруашылық дақылдарын егуге;
жерге байланысты құрылғыларды (жол төселімдері, бордюрлер, қоршаулар, люктер, құдықтар, су ағатын торлар, су ағар құбырлар, т.б) жасыл көшеттерді бүлдіруге, сондай-ақ оларды құммен көмуге;
жылу, сумен қамту және канализация жүйелерінің ақауын жөндеу жұмыстарын жүргізген шақта суды тротуарларға, көкорайларға, көшенің адамдар жүретін бөлігіне төгуге;
кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақтарында, көшелерде, көкорайларда, тұрғын үй аумақтарында, жеке меншік учаскелерде қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге;
хабарландыруларды, жарнамаларды және т.б өз бетімен ілуге;
тарих пен мәдениет ескерткіштері, ғибадат ету объектілері аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға.
50. Жасыл желектердің аумағында мыналарға:
көкорайлардың үстінде жүруге, жасыл желектерді сындыруға, үзуге, кесуге;
жолды тазалау мақсатында тұз, жасыл көшеттерге зиянда басқа да заттарды қолдануға;
көліктермен, мотоциклдермен, велосипедтермен және басқа да көлік құралдарымен (арнайы көліктерден басқа) жүруге;
көкорайдың жанында жолаушы көлігінің аялдамасын белгілеуге, от жағуға және басқа да өртке қарсы ережелерді бұзуға;
ағаштарға электр сымдарын, басқа да сымдарды, әлпеншектерді ілуге;
тиісті қызметтермен келіспей, ағаштарды кесу ережелерін сақтамай, белгіленген агрономиялық мерзімнен басқа кезде, ағаштарды тегістеп кесуге;
тиісті қызмет жасаушы ұйымдармен келіспей өз еркімен ағаштарды, бұталарды шабуға;
пәтерлерден және үй иелігінен тысқары жерлерде өз бетімен қоршау жасауға тыйым салынады.
11. Елді мекендердің аумағын санитарлық жағдайда ұстау,
көріктендіру және көгалдандыру жөніндегі
уәкілетті органдардың міндеттері
51. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, көшелерді, аулаларды және кенттің басқа да аумақтарын, сондай-ақ ортақ қолданыстағы жерлер мен жағажайларды ұстаудың санитарлық ережелерінің сақталуын тиісті органдар жүзеге асырады.
52. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:
1) мемлекеттік органдарды санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы туралы хабардар етуге;
2) кәсіби уланулар мен науқастанулардың, жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болу себептері мен жағдайларын анықтауға және оларға талдау жасауға;
3) жеке және заңды тұлғаларды санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылу салдары туралы ескертуге;
4) халықтың иммунитетін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
5) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері жөніндегі өтініштерін қарауға және тиісті шаралар қабылдауға;
6) өзінің қызметтік міндеттерін орындаған кезде белгілі болған ақпаратқа қатысты дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті.
12. Жеке және заңда тұлғалардың ережелерді
бұрмалағаны үшін жауапкершілігі
Ережелерді бұрмалаған және осы Ережемен тыйым салынған іс-әрекеттерді жасаған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-ІІ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.