Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2009.12.23 № 191-IV шешімімен.
Төртінші сайланған Индер аудандық мәслихатының ХVІІ сессиясы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін талондардың құны мен қызмет түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып хронометраждық қадағалау негізінде 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базаларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін талондардың құны, қызмет түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып хронометраждық қадағалау негізінде N 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың экономикалық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы - депутат Бағдат Сапаров) тапсырылсын.
5. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі "Салық ставкаларын белгілеу туралы" N 131-ІV шешімінің күші жойылсын.
6. Шешім Индер аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат
ХVІІ сессиясының төрағасы Е. Сабиров
Аудандық мәслихат хатшысы Е. Көшек
Индер аудандық мәслихатының
2009 жылғы 4 шілдедегі
ХVІІ сессиясының N 152-ІV
шешіміне N 1 қосымша
Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері:
N |
Тіркелген жиынтық салық салу |
Тіркелген салық ставкаларының |
Айына |
||
1 |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын |
екі айлық есептік көрсеткіш |
2 |
Ойын жолы |
алты айлық есептік көрсеткіш |
3 |
Карта |
бес айлық есептік көрсеткіш |
4 |
Бильярд үстелі |
алты айлық есептік көрсеткіш |
Индер аудандық мәслихатының
2009 жылғы 4 шілдедегі
ХVІІ сессиясының N 152-ІV
шешіміне N 2 қосымша
Қызметi дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшiн талондардың құны:
N |
Қызмет түрлері |
Талонның құны |
1 |
Газет және журналдар сату |
30 |
2 |
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал |
50 |
3 |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату |
100 |
4 |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату |
50 |
5 |
Жем сату |
500 |
6 |
Балық сату |
80 |
7 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор |
200 |
8 |
Үй жануарларын бағу |
200 |
Индер аудандық мәслихатының
2009 жылғы 4 шілдедегі
ХVІІ сессиясының N 152-ІV
шешіміне N 3 қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базаларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін талондардың құны:
№ |
Қызмет түрлері |
Талонның құны |
1 |
Ойыншық, сувенир сату |
40 |
2 |
Парфюмерия, косметика сату |
60 |
3 |
Киiмдер мен аяқ-киiм сату |
60 |
4 |
Шаруашылық тауарлары, ыдыс-аяқ, хрусталь сату |
40 |
5 |
Кеңсе бұйымдарын сату |
50 |
6 |
Ұсақ-түйек заттар мен тағамдар |
30 |
7 |
Ет сату |
120 |
8 |
Жемiс-жидек, көкөніс сату |
50 |
9 |
Сүт және сүт өнімдерін сату |
50 |
10 |
Өндірістік және азық-түлік өнімдерін сату |
70 |
11 |
Аяқ киім жөндеу |
50 |
12 |
Киім тігу |
50 |
13 |
Жеке көлікпен қызмет көрсету |
100 |
14 |
Үй жиһаздарын сату |
200 |