Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық зертхананың 10 қараша 2009 жылғы № 72 сараптау актісінде көрсетілгендей қарасан ауруының қоздырғышы табылуына байланысты Жарсуат селолық округі таза емес деп жарияланып, карантин қойылсын.
2. Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруының алдын–алу шаралары мақсатында Жарсуат ауылдық округінің әкіміне және аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) төмендегі шараларды іске асыру тапсырылсын:
1) мал қорамдарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;
2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;
3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;
4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тыйым салу;
5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және дезинфекциялау;
6) 3 айдан 4 жас аралығындағы ірі қара малды қарасанға қарсы вакцинамен егу;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сәрсенғалиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Рахметқалиев