Аудан әкімиятының 2008 жылғы 8 қаңтардағы N 2 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімиятының 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 5 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Мақат ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда N 4-7-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімиятының 2008 жылғы 8 қаңтардағы N 2 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Мақат аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 29 қаңтарда N 4-7-78 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" Мақат ауданының қоғамдық-саяси газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 6 санында жарияланған, аудан әкімиятының 2008 жылғы 26 қарашадағы N 168 "Аудан әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен толықтыру енгізілген, Мақат аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 10 желтоқсанда N 4-7-90 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" Мақат ауданының қоғамдық-саяси газетінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 51 санында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулының 3 қосымшасы мынандай мазмұндағы реттік нөмірі 72 жолмен толықтырылсын:
      "72. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің Мақат аудандық филиалы".

      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С. Хайрушевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              С. Рысқалиев
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады