Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімиятының 2008 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Мақат ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 21 қаңтарда № 4-7-78 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 257 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 18.09.2013 № 257 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) 1 қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен  қаржыландыру көздері;
      2) 2 қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек  ақы мөлшері;
      3) 3 қосымшаға сәйкес аудан бойынша қоғамдық жұмыс беруші  ұйымдардың тізбесі.
      2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа араластыруды ұйымдастырсын.
      4. Мыналардың күші жойылсын:
      1) "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы" аудан әкімиятының 2004 жылғы 17 ақпандағы № 16 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1887 нөмірімен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 15 санында жарияланған);
      2) "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы" аудан әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 18 қаулысы.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Әбдиевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                  А. Барақатов

Аудан әкімиятының  
2008 жылғы 8 қаңтардағы
№ 02 қаулысына 1 қосымша

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі

      Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 149-ІІ Заңын жүзеге асыру шаралары туралы қаулысын орындауда әзірленді.

Жалпы ережелер

      1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен азаматтар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
      2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдері қолданылады.
      3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.

1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

      4. Жергілікті атқарушы органдар аймақтық қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады және жергілікті бюджет қаржыларынан және жұмыс берушілер қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.
      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыс берушілермен 1 айдан 6 айға дейін мерзімге қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға келісім шарт жасасады. Кейбір жағдайларда, жұмыссыздардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, 1 жылға дейін ұзартуға болады.
      6. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:
      1) қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады, жұмыс орынының саны іс жүзінде шектелмейді және жұмыс уақытша сипатта болады, оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
      2) толық емес жұмыс күні жағдайында икемді кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі (толық жұмыс күні, мекеменің жағдайына қарай жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысына үстеме еңбек ақы төлеген кезде);
      3) аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;
      4) арнаулы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.
      7. Қоғамдық жұмыстарды өзінің жеке қаражаты есебінен өзінде ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органдарға өтініш береді.

2. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу
      8. Жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған ең төменгі ақының 1,0-1,5 еселенген мөлшерінде, орындалатын жұмыстың санына, сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.
      9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады және жұмыспен қамту уәкілетті огандарының тапсырысына сәйкес жұмыссыздардың жеке дербес шотына аударылады.
      10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолдланылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу

      11. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырады.
      12. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
      13. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
      14. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.

4. Қаржыландыру, есепке алу есептілік және
бақылау тәртібі

      15. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру жергілікті бюджетке осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен жүргізіледі.
      16. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып отырған кәсіпорын жергілікті уәкілетті органдарға әр айдың 25 күніне дейін өткен ай үшін белгіленген заңнама тәртібінде есеп береді (жұмыс уақыты есебінен тәбілі, атқарылған жұмыстардың актілері).
      17. Жергілікті уәкілетті органдар ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізетін кәсіпорындар есептерін тексеріп, қаржыландыруға қажетті қаржының көлемін анықтап, аудандық экономика және қаржы бөліміне әр айдың 10 дейін тапсырыс жолдайды.
      18. Жергілікті экономика және қаржы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен түскен тапсырыс негізінде жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен қаржыландыру ашады.
      19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдаға шотқа қаржы түскеннен кейін, екі күннің ішінде жұмыссыздардың дербес шотына аударады.
      20. Жергілікті уәкілетті органдар әр ай сайын өткен айда жұмсалған қаржы туралы есепті заңнамаға сәйкес ("Қазпошта" бөлімшесіне жасалған салыстыру актілері) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, ал соңғысы аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады.
      21. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен оны қаржыландыру тәртібіне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қаржыны бақылау органдары бақылауды жүзеге асырады.
      22. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
      1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
      2) статистика жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;
      3) белгіленген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті ұсынады.

Аудан әкімиятының  
2008 жылғы 8 қаңтардағы
№ 02 қаулысына 2 қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы мөлшері

Жұмыс түрлерінің атауы

Ең төмен жалақы есебінен алғандағы жұмыссыздардың еңбекақысы

Адамдардың саны

1

Құрылыс және жол жөндеу, газ, су, құбырларына жөндеуге қатысу

1,3

15

2

Құрылысқа қатысу және тұрғын үй, әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді күрделі жөндеуден өткізуге қатысуы

1,3

15

3

Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту)

1,3

30

4

Тұрғын үй шаруашылықтарына қаланы, елді мекендерді, өндірістік мекемелерді жинап, тазалық жұмыстарына көмектесу

1,3

420

5

Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді және қорықтарды қалпына келтіру

1,0

5

6

Мәдени шараларды өткізуге көмектесу (спорттық жарыстар)

1,0

10

7

Республикалық және аймақтық санақ жұмыстарына қатысу

1,0

10

8

Тағы басқа жұмыс түрлері, соның ішінде
- мәдени қызметкерлер
- электр жүйесінің агенттері
- шабармандық жұмыстар
- электронды есептегіш машинасының операторы
- еден жуушылар
- іс жүргізуші
- газет таратушылар
- әскери комитетінде санақ жүргізу жұмыстары
Арнайы педогогикалық білім бар жұмыссыздарға арналған:
- мектепке оқушы балаларға арналған қолөнер, би, ән, домбыра үйірмелерін ұйымдастыру
- кітапханада ескі кітаптарға өңдеу жүргізу, оқушы балаларды кітапханада жұмыс жасауға үйрету
- гардеробта киім күту

1,0

15


1,0

10


1,0

15


1,0

30


1,0

25


1,0

25


1,0

45


1,0

16

9

1,0

15


1,0

10


- сабағы нашар балалармен жұмыс

- мектеп жанынан ұзартылған топ ұйымдастыру

-бала бақшадағы тәрбиешіге көмектесу

Медициналық білімі бар жұмыссыздарға арналған:
- денсаулығына байланысты есепте тұрған азаматтарға, әсіресе жалғызбасты қарт адамдарға денсаулығына қадағалау жүргізу

- емхана жанынан учаскелік мейірбике ге көмек көрсету, маусымдық инфекциялық аурулардың өршіген кезінде (тұмау, іш ауру, сүзек т.б) үйді-үйді аралап, медициналық көмек көрсету, аурудан сақтанудың профилактикалық ақпараттық жұмыстарын жүргізу
- ауруханаларда санитарлық жұмыстарға қатысу
- ауданнан алыста тұратын елді мекендерге медициналық бөлім жанынан, үйден егу, дәрі беру
поселкедегі жүргізілетін жұмыс түрлері:
- санақ жұмыстары, мал санағын жүргізу, профилактикалық инфекциялық мал ауруларына қарсы егу жұмыстары
- учаскелік комиссиялардың мүшелеріне қосымша адамдар қосып, жұмысын жандандыру:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу Барлығы:

1,0

2


1,0

10


1,0

15

10

1,0

10


1,0

12


1,0

15


1,0

10

11

1,0

10


1,0

15


1,0

10




820

Аудан әкімиятының  
2008 жылғы 8 қаңтардағы
№ 02 қаулысына 3 қосымша

Аудан бойынша қоғамдық жұмыс беруші мекемелердің тізбесі

1. Мақат поселкесінің әкімі аппараты;
2. Доссор поселкесінің әкімі аппараты;
3. Байшонас поселкесінің әкімі аппараты;
4. Комсомол поселкесінің әкімі аппараты;
5. Қошқар поселкесінің әкімі аппараты;
6. Ескене поселкесінің әкімі аппараты;
7. Мақат ауданы әкімінің аппараты;
8. "Рүстем" пәтер иелері кооперативі;
9. "Сенім" пәтер иелері кооперативі;
10. Аудандық "Мақат тынысы" газеті редакциясы;
11. Х.Санбаев атындағы орта мектеп;
12. М.Баймұханов атындағы орта мектеп;
13. Л.Шахатов атындағы орта мектеп;
14. № 2 бастауыш мектеп;
15. Бәйгі төбе бастауыш мектебі;
16. Б. Қанатбаев атындағы орта мектеп;
17. Сарғұнанов атындағы орта мектеп;
18. Абай атындағы орта мектеп;
19. Шарипов атындағы мектеп интернаты;
20. № 2 кәсіптік техникалық мектеп;
21. "Қарылғаш" бала бақшасы;
22. "Сандуғаш" бала бақшасы;
23. "Қызғалдақ" бала бақшасы;
24. "Балбөбек" бала бақшасы;
25. "№ 54" бала бақшасы;
26. Аудандық орталық аурухана;
27. Аудандық емхана;
28. Доссор аудандық ауруханасы;
29. Доссор аудандық емханасы;
30. Аудандық прокуратура;
31. Аудандық әскери комиссариаты;
32. Аудандық салық комитеті;
33. Аудандық тарихи өлке тану мұражайы;
34. Аудандық мемлекеттік мұрағаты;
35. Аудандық зейнетақы төлем орталығы;
36. Мақат аудандық табиғи газ пайдалану және жөндеу телімі;
37. Доссор табиғи газ пайдалану және жөндеу телімі;
38. Аудандық пошта торабы;
39. "Мақат су арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;
40. Аудандық статистика бөлімі;
41. Аудандық ішкі саясат бөлімі;
42. Аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі;
43. Аудандық орталық кітапхана;
44. Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығының Мақат ауданы бойынша филиалы;
45. Аудандық әділет басқармасы;
46. Аудандық жер қатынастар бөлімі;
47. Мемлекеттік ғылыми өндірістік орталық еншілес мемлекеттік кәсіпорынының Мақат ауданы бойынша филиалы;
48. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
49. Аудандық білім беру бөлімі;
50. Атырау облысы қаржы полициясы департаментінің Шығыс аймағы бойынша бөлімі;
51. Аудандық қоршаған ортаны қорғау инспекциясы;
52. "Халық банкі" Акционерлік қоғамының Мақат ауданы бойынша филиалы;
53. "Банк Туран Алем" Акционерлік қоғамының Мақат ауданы бойынша филиалы;
54. Аудандық "Қазынашылық" бөлімі;
55. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
56. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі;
57. Аудандық құрылыс бөлімі;
58. Аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі;
59. Аудандық ішкі істер бөлімі;
60. Мақат стансасындағы желілік ішкі істер бөлімі;
61. Аудандық қылмыстық атқару инспекциясы;
62. Доссор поселкелік полиция бөлімшесі;
63. Аудандық сот;
64. Аудандық аумақтық сот орындаушылар бөлімшесі;
65. Аудандық өртке қарсы қызмет бөлімі;
66. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі;
67. Аудандық экономика және жоспарлау бөлімі;
69. Аудандық аумақтық инспекциясы;
70. Аудандық электрмен жабдықтау дистанциясы;
71. Доссор саз мектебі;
72. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Атырау облысының "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің Мақат аудандық филиалы.
73. "Қазақстан республикасы Атырау облысы Мақат аудандық Мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі;
74. "Мақат аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
75. "Мақат аудандық білім беру бөлімінің жедел басқару құқығындағы "Нұрбөбек" ясли-бақша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
76. "Мақат аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      Ескерту. Өзгерту енгізілді - Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің 2012.03.11 № 51 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады