Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 10.08.2018 № 194-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Мақат ауданы бойынша Салық басқармасының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 06-АҚӨБ-03-6-8/3005 санды ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандығы N 99-IV Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексін басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:
1. Ойын бизнесіне қатысты тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Ойын шешімнің орындалуына бақылау жасау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д.Алтаева) жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті ХIV сессиясының төрағасы |
Г. Медыева |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Жолмағамбетов |