Мақат аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы "Ойын бизнесіне қатысты тіркелген салық ставкаларының мөлшері туралы" № 106-ІV шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы мәслихатының 2018 жылғы 10 тамыздағы № 194-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 тамызда № 4220 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақат аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы "Ойын бизнесіне қатысты тіркелген салық ставкаларының мөлшері туралы" № 106-ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-7-98 болып тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінде 2009 жылғы 26 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Мақат аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (А. Әміров).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ХХІХ сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
Қ. Исмагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады