Аудан азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат аудандық әкімиятының 2009 жылғы 21 мамырдағы N 95 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Мақат ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 10 маусымда N 4-7-101 тіркелді. Күші жойылды - Мақат аудандық әкімиятының 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 65 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Мақат аудандық әкімиятының 2010.04.28 N 65 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 543 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын.

      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшін 1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылып:
      1) шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
      2) шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскер түрлері мен тектері бойынша тағайындау туралы шешімдер қабылдау;
      3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 27,28 баптарына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және шақырудан босату ұсынылсын.

      3. Поселкелер әкімдері:
      1) ұйымдардың басшыларының шақырылуға жататын азаматтарды іс-сапарлардан (демалыстардан) шақырып алуға, олардың хабардар етілуін және шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуін ұйымдастыруын қамтамасыз етсін;
      2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізілуін;
      3) шалғай жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтілуін;
      4) азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша дәрігерлік тексеруден өткізілуіне тұрғылықты жерінен, аудандық шақыру учаскесіне келулері мен кейін қайтуларына қажетті толық жабдықталған көлік түрлерімен қамтамасыз етілуін ұйымдастырсын.

      4. Шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі медициналық  комиссияның құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      5. Мақат аудандық емханасына (Б. Оңдасынов) (келісім бойынша):
      1) медициналық куәландыру кезінде комиссия құрамын білікті маман-дәрігерлермен орта медициналық қызметкерлермен жиынтықтап, шақыру (жиын) пункттерін дәрі-дәрмекпен құрал-сайманмен жабдықтау;
      2) шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды қосымша медициналық тексеруден өткізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарынан қажетті кереуеттер санын бөлу;
      3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге қалдырылған науқас жастармен емдеу-сауықтыру шарасын жүргізу сонымен қатар жасөспірімдер кабинеттерінің сырқат шақырылушыларды есепке алу және олармен сауықтыру жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.

      6. Мақат аудандық ішкі істер бөліміне (Б. Рахметов) (келісім бойынша):
      1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
      2) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді, сондай-ақ  әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлескен іс-қимылды ұйымдастыру, шақыру пунктерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      7. Мақат стансасындағы желілік ішкі істер бөлімшесі (Ж. Есенбаев) (келісім бойынша) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп әскерге шақырылушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарға күшейтілген нарядтар бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын.

      8. "Доссормұнайгаз" мұнай газ өндіру басқармасына (Б. Сматуллин) (келісім бойынша), Мақат желілік-өндірістік басқармасына (А. Қарабатыр) (келісім бойынша), "Локомотив" акционерлік қоғамының филиалы – "Мақат локомотив пайдалану депосына" (Қ. Төретаев) (келісім бойынша) "Мақат-Сервис-2004" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (А. Қисметов) (келісім бойынша):
      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесі мен жиын пунктінде қызмет атқару үшін техникалық қызметкерлердің қажетті санын 3 қосымшаға сәйкес бөлу;
      2) шақырылушыларды облыстық жинақтау пункттеріне тасымалдау үшін және шақыру кезеңінде автокөліктерді 4 қосымшаға сәйкес бөлу;
      3) осы міндеттерді атқару кезінде жұмыс орнымен атқаратын қызметін және орташа еңбек ақысын сақтау ұсынылсын.

      9. Мақат аудандық қаржы бөлімі (И. Мәжікеев) 2009 жылдың бекітілген бюджетке сәйкес шақыру учаскесінде және жиын пункттерінде аталған тұлғалардың өз міндеттерін атқаруы іс-сапарлармен байланысты болса олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және кейін қайтуға байланысты шыққан шығындардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.

      10. Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (А. Кенжеғұлов) (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізудің барысы туралы аудан әкімі аппаратына жүйелі түрде ақпарат беріп отыру ұсынылсын.

      11. "Аудан азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы" аудан әкімиятының 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 77 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4-7-84 нөмірімен тіркелген, "Мақат тынысы" Мақат ауданының қоғамдық-саяси газетінің 2008 жылғы 22 мамырдағы N 21 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары    Б. Сабировке жүктелсін.

      13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Аудан әкімі               С. Рысқалиев

КЕЛІСІЛДІ:
"Доссормұнайгаз" өндіру басқармасы     "Локомотив" акционерлік
бастығының міндетін уақытша атқарушы   акционерлік қоғамының филиалы
                         Б.Сматуллин   – "Мақат локомотив пайдалану
                                       депосының" директоры
                                                         Н.Исмуханов
"___"____________ 2009 жыл             "___"____________ 2009 жыл
  

Мақат аудандық Қорғаныс істері         Мақат аудандық Ішкі Істер
жөніндегі бөлім бастығы                бөлімінің бастығы
                       А.Кенжеғұлов                  Б.Рахметов
"___"____________ 2009 жыл             "___"____________ 2009 жыл
 

Мақат аудандық емханасының             Мақат желілік-өндірістік
бас дәрігері                           басқармасының бастығы
                        Б.Оңдасынов                 А.Қарабатыр

"___"____________ 2009 жыл
 

"Мақат-Сервис-2004" ЖШС              Мақат стансасындағы желілік
              директоры             Ішкі Істер бөлімшесінің бастығы
              А.Қисметов                              Ж.Есенбаев

"___"____________ 2009 жыл          "___"____________ 2009 жыл
 

Аудан әкімиятының  
2009 жылғы 21 мамырдағы
95 қаулысына 1 қосымша 

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға
басшылық ету және бақылау жасау үшін аудандық шақыру комиссиясы құрамы

Кенжеғұлов Аманжол  - Мақат аудандық Қорғаныс Істер жөніндегі
                      бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім
                      бойынша);
Қартабаев Ерлан     - Мақат ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-
Сисенғалиұлы          құқықтық және әскери жұмылдыру бөлімінің
                      меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Рахманова Қамқа     - мейірбике, комиссия хатшысы
 
                      Комиссия мүшелері: 

Матжанов Сарсенбай  - Мақат аудандық Ішкі Істер бөлімі бастығының
Матжанұлы             орынбасары (келісім бойынша);

Нәсіпқалиева Дария  - Мақат аудандық емхана меңгерушісі
Нәсіпқалиқызы         медициналық комиссия төрайымы (келісім
                      бойынша);

Аудан әкімиятының  
2009 жылғы 21 мамырдағы
N 95 қаулысына 2 қосымша

Шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі
медициналық комиссияның құрамы 

Нәсіпқалиева Дария  - Мақат аудандық емхана меңгерушісі
Нәсіпқалиқызы         медициналық комиссия төрайымы (келісім
                      бойынша);

Ізтілеуов Жақсыберген - Құлақ дәрігері медициналық комиссия
Ахатұлы                 комиссия төрайымының орынбасары;                                     
                      Комиссия мүшелері:

Елемесова Айнұр Қажымұқанқызы  - дәрігер терапевт, невропатолог

Сүйеуғалиев Ерлан Бердіғалиұлы - дәрігер хирург

Саршаева Марта Сафиқызы - дәрігер психиатр                                 
Ізтілеуов Жақсыберген Ахатұлы - құлақ дәрігері

Ергужиева Әлия Шойынбайқызы   - тіс дәрігері
 
Умарова Гүлзира Қалиханқызы   - көз дәрігері

Хасанов Нұрлан Сәрсенбайұлы   - тері аурулары дәрігері

Жұмағалиев Ахметжан Сарыұлы   - фтизиатр

Шонаев Жалғас Мағауияұлы      - рентгенолог;

Емшібике                      - 3 адам;

Аудан әкімиятының  
2009 жылғы 21 мамырдағы
№ 95 қаулысына 3 қосымша

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде қызмет көрсету үшін бөлінетін техникалық қызметкерлердің қажетті саны
 

N р/с

Мекеме кәсіпорын атауы

Техникалық
қызметкерлер саны

Босатылу мерзімі

1

"Доссормұнайгаз" мұнай
өндіру басқармасы

1 (бір адам)

2009 жыл сәуір-
маусым, қазан-
желтоқсан

2

Мақат локомотивтік
пайдалану депосы

1 (бір адам)

2009 жыл сәуір-
маусым, қазан-
желтоқсан

3

Мақат-Сервис-2004 ЖШС

1 (бір адам)

2009 жыл сәуір-
маусым, қазан-
желтоқсан

   
  Аудан әкімиятының 
2009 жылғы 21 мамырдағы
   N 95 қаулысына 4 қосымша

Шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктіне тасымалдау үшін
Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне
бөлінетін автокөліктердің тізбесі
 

N р/с

Мекеме кәсіпорын атауы

Босатылу мерзімі

1

"Доссормұнайгаз" мұнай өндіру
басқармасы

19 маусым 2009 ж
26 маусым 2009 ж.

2

Мақат желілік-өндірістік басқармасы

16 сәуір 2009 ж.
28 сәуір 2009 ж.

Ескерту! Күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде қазан, желтоқсан айлары
аралығында 2 (рет) автокөлік бөлу ұсынылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады