Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшін 1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылып:
1) шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
2) шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскер түрлері мен тектері бойынша тағайындау туралы шешімдер қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 27, 28 баптарына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және шақырудан босату ұсынылсын.
3. Поселкелер әкімдері:
1) ұйымдардың басшылары шақырылуға жататын азаматтарды іс-сапарлардан (демалыстардан) шақырып алуға, олардың хабардар етілуін және шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуін ұйымдастыруын қамтамасыз етсін;
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізілуін;
3) шалғай жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтілуін;
4) азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша дәрігерлік тексеруден өткізілуіне тұрғылықты жерінен, аудандық шақыру учаскесіне келулері мен кейін қайтуларына қажетті толық жабдықталған көлік түрлерімен қамтамасыз етілуін ұйымдастырсын.
4. Шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі медициналық комиссияның құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Мақат аудандық орталық ауруханасына (Б. Оңдасынов) (келісім бойынша):
1) медициналық куәландыру кезінде комиссия құрамын білікті маман-дәрігерлермен орта медициналық қызметкерлермен жиынтықтап, шақыру (жиын) пункттерін дәрі-дәрмекпен құрал-сайманмен жабдықтау;
2) шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды қосымша медициналық тексеруден өткізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарынан қажетті кереуеттер санын бөлу;
3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге қалдырылған науқас жастармен емдеу-сауықтыру шарасын жүргізу сонымен қатар жасөспірімдер кабинеттерінің сырқат шақырылушыларды есепке алу және олармен сауықтыру жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
6. Мақат аудандық ішкі істер бөліміне (Б. Қапаров) (келісім бойынша):
1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
2) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлескен іс-қимылды ұйымдастыру, шақыру пунктерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. Мақат стансасындағы желілік ішкі істер бөлімшесі (Б. Утегалиев) (келісім бойынша) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп әскерге шақырылушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарға күшейтілген нарядтар бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын.
8. "Доссормұнайгаз" мұнай газ өндіру басқармасына (Қ. Қуанышев) (келісім бойынша), Мақат желілік-өндірістік басқармасына (М. Ещанов) (келісім бойынша), "Локомотив" акционерлік қоғамының филиалы – "Мақат локомотив пайдалану депосына" (Қ. Төретаев) (келісім бойынша) "Мақат-Локомотив жөндеу депосына" (Б. Ульжекешов) (келісім бойынша)
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесі мен жиын пунктінде қызмет атқару үшін техникалық қызметкерлердің қажетті санын 3 қосымшаға сәйкес бөлу;
2) шақырылушыларды облыстық жинақтау пункттеріне тасымалдау үшін және шақыру кезеңінде автокөліктерді 4 қосымшаға сәйкес бөлу;
3) осы міндеттерді атқару кезінде жұмыс орнымен атқаратын қызметін және орташа еңбек ақысын сақтау ұсынылсын.
9. Мақат аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (И. Мәжікеев) 2010 жылдың бекітілген бюджетіне сәйкес шақыру учаскесінде және жиын пункттерінде аталған тұлғалардың өз міндеттерін атқаруы іс-сапарлармен байланысты болса олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және кейін қайтуға, байланысты шыққан шығындардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
10. Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (А. Кенжеғұлов) (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізудің барысы туралы ауданы әкімі аппаратына жүйелі түрде ақпарат беріп отыру ұсынылсын.
11. "Аудан азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы" аудан әкімиятының 2009 жылғы 21 мамырдағы № 95 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-7-101 нөмірімен тіркелген, "Мақат тынысы" Мақат ауданының қоғамдық-саяси газетінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 24 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Сабировке жүктелсін.
13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Рысқалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Доссормұнайгаз" өндіру
басқармасының бастығы Қ. Қуанышев
27.04.2010 жыл
Мақат желілік-өндірістік
басқармасының бастығы М. Ещанов
27.04.2010 жыл
Мақат аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Б. Қапаров
28.04.2010 жыл
Мақат аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы А. Кенжеғұлов
26.04.2010 жыл
"Локомотив" акционерлік қоғамының
филиалы - "Мақат локомотив пайдалану
депосының" директоры Қ. Төретаев
27.04.2010 жыл
Мақат аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері Б. Оңдасынов
27.04.2010 жыл
Мақат-Локомотив жөндеу
депосының директоры Б. Ульжекешов
27.04.2010 жыл
Мақат стансасындағы желілік
ішкі істер бөлімшесінің бастығы Б. Утегалиев
27.04.2010 жыл
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 28 сәуір
№ 65 қаулысына 1 қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға
басшылық ету және бақылау жасау үшін аудандық шақыру
комиссиясы құрамы
Кенжеғұлов Аманжол - Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Құлжанова Нұргүл - Мақат ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-
Ғазизқызы құқықтық және әскери жұмылдыру бөлімінің меңгерушісі,
комиссия төрағасының орынбасары;
Рахманова Қамқа - Мақат аудандық орталық ауруханасының мейірбекесі,
Зейноллақызы комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Матжанов Сарсенбай - Мақат аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
Матжанұлы орынбасары (келісім бойынша);
Нәсіпқалиева Дария - Мақат аудандық орталық ауруханасының
Нәсіпқалиқызы меңгерушісі, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша);
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 28 сәуір
№ 65 қаулысына 2 қосымша
Шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі
медициналық комиссияның құрамы
Нәсіпқалиева Дария - Мақат аудандық орталық аурухана меңгерушісі,
Нәсіпқалиқызы медициналық комиссия төрайымы;
Ізтілеуов Жақсыберген - медициналық комиссия төрайымының орынбасары;
Ахатұлы
Комиссия мүшелері:
Нәсіпқалиева Дария - дәрігер терапевт
Нәсіпқалиқызы
Елемесова Айнұр - дәрігер невропатолог, нарколог
Қажымұқанқызы
Сүйеуғалиев Ерлан - құлақ, мұрын дәрігері
Бердіғалиұлы
Сәрсенғалиев Дәулет - дәрігер-хирург
Ануарұлы
Ергужиева Әлия - Шойынбайқызы тіс дәрігері
Ануарұлы
Умарова Гүлзира - көз дәрігері
Қалиханқызы
Қалбаева Анар - дәрігер психиатр
Кенжебекқызы
Хасанов Нұрлан - тері аурулары дәрігері
Сәрсенбайұлы
Тұрарбек Айнұр - фтизиатр;
Тұрарбекқызы
Шонаев Жалғас - рентгенолог;
Мағауияұлы
Рахманова Қамқа - комиссия хатшысы, мейірбике
Зейноллақызы
Бекембаева Бәкес - мейірбике
Сағытжанқызы
Қамысбаева Ләззат - мейірбике
Табылдықызы
Кенжиева Ақмарал - мейірбике
Сисембайқызы
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 28 сәуір
№ 65 қаулысына 3 қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде қызмет көрсету үшін бөлінетін техникалық қызметкерлердің қажетті саны
№ р/с |
Мекеме кәсіпорын атауы |
Техникалық қызметкерлер саны |
Босатылу мерзімі |
1 |
"Доссормұнайгаз" мұнай өндіру басқармасы |
1 (бір адам) |
2010 жыл сәуір-маусым, қазан-желтоқсан |
2 |
Мақат локомотивтік пайдалану депосы |
1 (бір адам) |
2010 жыл сәуір-маусым, қазан-желтоқсан |
3 |
Мақат-Локомотивті жөндеу депосы |
1 (бір адам) |
2010 жыл сәуір-маусым, қазан-желтоқсан |
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 28 сәуір
№ 65 қаулысына 4 қосымша
Шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктіне тасымалдау үшін
Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне
бөлінетін автокөліктердің тізбесі
№ р/с |
Мекеме кәсіпорын атауы |
Босатылу мерзімі |
1 |
"Доссормұнайгаз" мұнай өндіру басқармасы |
4 мамыр 2010 ж. |
2 |
Мақат желілік-өндірістік басқармасы |
16 сәуір 2010 ж. |
Ескерту! Күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде қазан, желтоқсан айлары аралығында 2 (рет) автокөлік бөлу ұсынылсын.