Ескерту. Күші жойылды – Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 03.09.2009 № 338 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 64 жылдық мереке құрметіне аудандағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соғыста қаза болған немесе хабарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне, әр қайсына 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Әлеуметтік көмек осы санаттағы азаматтардың табыс мөлшеріне байланыссыз төленсін.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Әмірғалиев) аудан бойынша жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдардың нақты тізімін шығарып, осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен біржолғы төлем төлеуді жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары, әкімдік мүшесі С. Рахимовқа жүктелсін.
5. Қаулы әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
А. Такешев |