2009 жылдың мамыр-маусым және қазан-желтоқсанда аудан аумағында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 211 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 19 маусымда N 4-8-151 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31 бабының 1 тармағын 8 тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 543 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы" Ережесін іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы мамыр-маусым және қазан-желтоқсанда аудан аумағындағы шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығын жойған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлермен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшін N 1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылуы ұсынылсын.
      3. Селолық округ әкімдері, шаруашылық мекеме кәсіпорын басшылары учаскелік емдеу мекемелерінің аға дәрігерлері, шақырушыларды комиссия басталғанға дейін, жергілікті жерден қаннан, сұйық дәреттің құрамын анықтап, аудандық дәрігерлік комиссияға учаскелік аға дәрігерлер емхана кітапшасымен аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен бірігіп шақыру жұмыстарын ұйымдастырып, әскерге шақырушыларды тұрғылықты орнынан аудандық шақырылу пунктіне дейін және облыстық жинақтаушы пунктіне кері қарай тұрғылықты жерде қызмет орнына дейін, сонымен бірге аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің жолдамасымен медицина мекемелерін қосымша тексеруден өткізіп әкелуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Аудандық емхана бас дәрігері (Қуанов Е. - келісім бойынша), аудандық өкпе ауруханасының бас дәрігері (Газизов Б. - келісім бойынша):
      1) шақыру кезінде аудандық медициналық комиссияға білікті дәрігер-мамандарымен, орта медициналық қызметкерлермен жиынтықтап, тиісті пунктің кабинеттерін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету ұсынылсын;
      2) шақыру кезіндегі аудандық дәрігерлік комиссияның құрамы N 2 қосымшаға сәйкес бекітілуі ұсынылсын;
      3) әскерге шақырушыларды комиссия басталғанға дейін кеуде органдарын рентгендік, флюорографиалық зерттеу, электрокардиографиялық, қанның жалпы талдауын, мерезге серологиялық реакциялар, несептің жалпы талдау тапсыру жөніндегі жұмыстарға бақылау жасауға 3 қосымшаға сәйкес ұйымдастыру ұсынылсын;
      4) денсаулық жағдайына байланысты шақырудан кейінге қалдырылған науқас жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру жұмысын жүргізуді, сонымен қатар сырқат шақырылушыларды есепке алу және олармен сауықтыру шараларын жүргізу бойынша жасөспірімдер кабинетнін жұмысын ұйымдастыру ұсынылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Ө. Сарбасов келісім бойынша):
      1) азаматтарды әскерге шақыру кезінде аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен (келісім бойынша) бірлесіп іс-әрекет етуді, шақыру пунктерінде тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын;
      2) әскерге барудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіру және олардың тұратын жерін анықтау жөніндегі жедел топтарды құру ұсынылсын;
      3) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен келісіп темір жол станциясына әскерге шақырушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарға күшейтілген нарядтарды бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне (А. Әмірғалиев) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру (жинау) жұмыстарына аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне сұранысы бойынша техникалық қызметкерлермен қамтамасыз ету шарасын алу тапсырылсын.
      7. Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (М. Дощанова) шақыру пунктінде көркем өнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуін, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырсын.
      8. Аудандық қаржы бөлімі (З. Карсакова) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты бюджеттен қосымша қаржымен қамтамасыз етсін.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары әкімдік мүшесі Ғ. Қалиевке жүктелсін.
      10. Қаулы әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі. 

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы         С. Рахимов
Келісілді:
Мұратов Е. - Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы;
Сарбасов Ө. - Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы;
Қуанов Е. - Аудандық емхана бас дәрігері;
Газизов Б. - Аудандық өкпе ауруханасының бас дәрігері.

       Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
      14 мамырдағы N 211 қаулысымен
бекітілген 1 қосымша    

 
      Ескерту. 1 қосымшаға өзгеріс енгізілді - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2009.11.03 № 402 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) қаулысымен

Әскери қызметке шақыру жұмысын орындау үшін
аудандық комиссия құрамы:

Сұлтанғалиев Жамбыл - Атырау облысы Құрманғазы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Қалиев Ғадылхан - аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары; 
Комиссия мүшелері:

Нсанов Рахметолла - аудандық емхананың мамандандырылған бөлімінің меңгерушісі, медициналық комиссияның төрағасы;
Қаспанов Жангелды - аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары;
Кабиева Гүлфара - комиссия хатшысы, аудандық емхананың медбикесі.

      Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
      14 мамырдағы N 211 қаулысымен
бекітілген 2 қосымша    

      Аудандық дәрігерлік куәландыру комиссия құрамы: 
Нсанов Рахметолла - аға дәрігері-хирург;
Шарапиева Венера - тері дәрігері;
Джабасова Маржан - терапевт;
Досқалиев Алпысбай - жүйке-тамыр ауруларының дәрігері;
Кабулова Аида - көз дәрігері;
Канатов Бейбіт - рентгенолог;
Нағуманов Амангелды - фтизиатр;
Сарсенғалиева Айгүл - тіс дәрігері;
Сисеналиев Талап - психиатр-нарколог;
Харитонов Виктор - отоларинголог;
Юсупова Нұрлы - кардиолог;
Кабуова Гүлнар - дәрігер–лаборант;
Зинуллина Үнзила - рентген–лаборант;
Ордагалиева Гүлжихан - лаборант;
Зинуллаева Элеонора - лаборант;
Каримова Маржан - электрокардиограмма медбикесі;
Махаева Маржан - тазалықшы.

      Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
      14 мамырдағы N 211 қаулысымен
бекітілген 3 қосымша   

Флюорографиядан өту, анализдер тапсыру және
медициналық комиссиядан өткізу

Р/с

Селолық округтер

Саны

Флюорографиядан,
анализдерден
өткізу күндері

Медициналық
комиссиядан өткізу
күндері

1

Ганюшкин селолық
округі

96

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

2

Мақаш ауылдық
округі

26

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

3

Еңбекші селолық
округі

20

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

4

Орлы селолық
округі

25

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

5

Нұржау селолық округі

37

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

6

Киров селолық округі

40

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

7

Ақкөл поселкелік округі

49

Мамыр Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

8

Приморье селолық округі

14

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

9

Бірлік селолық округі

35

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

10

Сафон селолық округі

20

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

11

Кудряшов селолық округі

35

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

12

Байда селолық округі

27

Мамыр Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

13

Шортанбай селолық округі

33

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

14

Көптоғай селолық округі

14

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

15

Дынғызыл селолық округі

27

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

16

Азғыр селолық округі

11

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

17

Сүйіндік селолық округі

20

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

Мамыр
Маусым

Қазан
Желтоқсан

18

Қосымша күндер






19

Барлығы

529






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады