Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 14 мамырдағы № 211 "2009 жылдың мамыр-маусым және қазан-желтоқсанда аудан аумағында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (нормативтік құқықтық акт 2009 жылы 19 маусымдағы мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-151 болып енгізілген, "Серпер" газетінде 2 шілде 2009 жылы № 27 және 13 тамыз 2009 жылы № 33 болып ресми жарияланған) қаулысының 2 тармағымен бекітілген 1 қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Әскери қызметке шақыру жұмысын орындау үшін аудандық комиссия құрамынан Мұратов Есім шығарылып, орнына Сұлтанғалиев Жамбыл, Атырау облысы Құрманғазы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы болып (келісім бойынша) енгізілсін.
2. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланып күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Такешев
Келісілді:
Сұлтанғалиев Ж. - Атырау облысы Құрманғазы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы