Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2–тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 5 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Еңбекші селолық округіне қарасты, Еңбекші шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Азаттық, Жаңа ауыл елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Болашақ, Дәулеткерей ауылының шығыс жағындағы атауы жоқ көшеге - Д.А. Қонаев, Подхоз шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Бейбарыс, Көнеу шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Даңқ, Қадыр ауылының батыс жағындағы атауы жоқ көшеге - Атамекен, Әлсейт шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Ынтымақ, Кете түбек елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Астана, Қошалақ ауылындағы атауы жоқ көшеге - Б. Карабалина есімдері берілсін.
2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Ғ.К. Карина