Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағы негізінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылдың 26 қазандағы № 20 және Нұржау селолық округіне қарасты Жамбыл, Алислан ауылдары тұрғындарының сұранысы негізінде ШЕШЕМІН:
1. Нұржау селолық округіне қарасты Жамбыл ауылына атауы жоқ көшелерге Жасқанат, Шаттық, Шалқар атауы берілсін.
2. Нұржау селолық округіне қарасты Алислан ауылына атауы жоқ көшеге Бейбітшілік атауы берілсін.
3. Шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Ж. Ғұмаров