Көптоғай селолық округіне қарасты Балықшы ауылындағы атауы жоқ көшеге "Сәулет" атауын беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай селолық округі әкімінің 2009 жылғы 8 қазандағы N 7 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қарашада N 4-8-165 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қазандағы N 77 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 7 қазандағы № 9 хаттамасына сәйкес және Балықшы ауылы тұрғындарының сұранысы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Көптоғай селолық округіне қарасты Балықшы ауылындағы атауы жоқ көшеге "Сәулет" атауы берілсін.
      2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі            И. Рскалиев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады