2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 234-ХХV шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда N 4-8-179 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 мамырдағы № 41-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012.05.08 № 41-V шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2390 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Салық Кодексінің 378-бабымен белгіленген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және 383-бабымен белгіленген елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары 2010 жылда 50 пайыз мөлшерінде өсірілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 130-ХІІІ "2009 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" (аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 28 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-137 енгізілген, 2009 жылы 12 ақпанда аудандық "Серпер" үнжариясының 7 нөмірінде жарияланған), 2009 жылғы 12 мамырдағы № 171-ХVІІІ "Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 130-ХІІІ "2009 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 9 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-150 енгізілген, 2009 жылы 11 маусымда аудандық "Серпер" үнжариясының 24 нөмірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш.  Жәлелов) тапсырылсын.

      Аудандық Мәслихаттың

      ХXV сессиясының төрағасы                  М. Қуаншалиев

      Аудандық Мәслихат хатшысы                 Р. Сұлтанияев
Келісілді: Н. Аленов - Аудан бойынша салық басқармасының бастығы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады