2010 жылы ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне және базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне біржолғы талон құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 236-ХХV шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда № 4-8-181 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 147-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013.03.14 № 147-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына басшылыққа алып, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі)" қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабының 6-тармағы және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2389 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. 2010 жылға базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 132-ХІІІ "2009 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне және базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне біржолғы талон құнын белгілеу туралы" (2009 жылы 28 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-138 енгізілген, 2009 жылы 12 ақпанда аудандық "Серпер" үнжариясының 7 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      4. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.

      Аудандық Мәслихаттың
      ХXV сессиясының төрағасы                 М. Қуаншалиев

      Аудандық Мәслихат хатшысы                Р. Сұлтанияев

Келісілді:
Н. Аленов - Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының бастығы

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 236-ХХV шешіміне 1-қосымша

2010 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік түрлеріне
берілетін біржолғы талон құны

Р/c

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Бір күндік талон құны (теңге)

1

Тұқым егетін көшеттер мен ағаш көшеттерін сату

30

2

Бау-бақша өнімдерін сату

50

3

Бау-бақша өнімдерін көлік құралдарында сату

250

4

Саяжайларда тұрғын үй учаскелерінде өсірілген гүл өнімдерін сату

30

5

Жеке меншік трактормен жер учаскелерін өңдеу жұмыстары

250

6

Газет-журнал сату

50

7

Жеке адамдардың өз малдарынан алынатын өнімдерін сату:



ет

300

сүт

50

8

Мал бағу

200

9

Жеке меншік бурамен, бұқамен қызмет көрсету

200

10

Киім тігу, тоқып сату

30

11

Жүннен тоқылған өнімдер сату (кілемше, шұлық, қолғап т.б.)

50

12

Шөпті техникамен дайындап, сату

300

13

Шөпті қолмен дайындап, сату

50

14

Саман тас соғу және сату (500 дана)

500

15

Қамыс байлау, сату (қамыс плита)

200

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 236-ХХV шешіміне 2-қосымша

2010 жылға базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құны

Р/c

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Бір күндік талон құны (теңге)

1

Азық-түлік өнімдерін сату

120

2

Нан және ұннан жасалған өнімдерді сату

80

3

Сүт және сүттен жасалған өнімдерді сату

50

4

Киімдер мен аяқ киімдер сату

120

5

Парфюмерия, косметика сату

120

6

Ойыншық, сувенирлер сату

120

7

Шаруашылық тауарлар, ыдыс аяқ, хрусталдар сату

120

8

Кеңсе бұйымдарын сату

120

9

Қосалқы бөлшектерін сату

120

10

Шаруашылық өнімдерін:


а) ет сату

500

б) құс, шұжық, сыр тағамдарын сату

120

в) май тағамдарын сату

120

г) кондитер тағамдарын сату

120

д) жұмыртқа сату

50

е) жеміс-жидек, көкіністер сату

50

11

Азық-түлік өнімдерін көлік құралдарында сату (көлік құралдарымен тұрып, көлік қасынан жерден сату):


а) жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс-жидектерін сату) 1,5 тоннаға дейін

250

б) жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс-жидектерін сату) 5 тоннаға дейін

400

в) жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс-жидектерін сату) 5 тоннадан жоғары

500

г) жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (шаруашылық бұйымдарды және құрылыс материалдарын сату)

 400

12

Балық өнімдерін сату

100

13

Ұсақ-түйек тағамдар сату (шай, самса т.б)

50

14

Теріден жасалған бұйымдар сату

150

15

Мал сату ірі қара 1 бас

300

16

Ұсақ мал сату 1 бас

120

17

Киім тігу, тоқып сату

30

18

Жүннен тоқылған өнімдер сату (кілемше, шұлық, қолғап т.б)

50

19

Құс сату 1 бас

80

20

Балапан сату (10 бас)

75

21

Қамыс байлау, сату (қамыс плита)

200

22

Құрылыс заттары (цемент, ағаш, шифр т.б)

250

23

Құрылыс заттары (известь, ақ бор т.б)

50

24

Тас қашау (құлпытас)

250

25

Аяқ киім жөндеу

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады