Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші селолық округі әкімінің 2010.10.22 № 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2–тармағы негізінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 5 мамырдағы N 4 хаттамасына сәйкес және Кадырка ауылы тұрғындарының сұранысы негізінде ШЕШЕМІН:
1. Еңбекші селолық округіне қарасты, Кадырка ауылындағы атауы жоқ көшеге Бегалиев Бауыржан Мажитұлының есімі берілсін.
2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі: Ғ. Карина