Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012.02.24 N 2/11-5с Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Жер салығының ставкалары туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 4/33-3с шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1099 тіркелген, 2004 жылдың 20 ақпанда "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы";
2) шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
3) 1 тармақтағы "Салық Кодексінің 329, 330, 332, 334-баптарында белгіленген" сөздері "Салық Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарында белгіленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда," сөздерімен ауыстырылсын;
4) 2 тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Л. Бектұров
Қалалық мәслихат хатшысы Н. Джарболов