Шымкент қаласының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 18 маусымдағы N 22/219-4с шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 914 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 шілдеде N 14-1-96 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Шымкент қаласының атаулары жоқ көшелеріне:
      Әл-Фараби ауданы Нұрсәт шағынауданының атауы жоқ көшесіне Жұмат Тұрғанбайұлы Шаниннің;
      Әл-Фараби ауданы Қайтпас шағынауданының атауы жоқ көшесіне облыстың дамуына үлес қосқан Әбдіманап Байғұтұлы Көмекбаевтың;
      Әл-Фараби ауданы Қайтпас шағынауданының N 10 көшесіне Молдабек Ахметбаевтың есімдері;
      Абай ауданы Қазығұрт шағынауданының атауы жоқ көшесіне Қазыналы;
      Абай ауданы Самал-2 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Алтын бесік;
      Абай ауданы Достық шағынауданының N 7-ші көшесіне Алғыс;
      Абай ауданы Достық шағынауданының N 12 көшесіне Ілтипат;
      Абай ауданы Достық шағынауданының N 15-ші көшесіне Қамқорлық;
      Әл-Фараби ауданы Тұран шағынауданының атауы жоқ көшесіне Қыран;
      Әл-Фараби ауданы Тұран шағынауданының атауы жоқ көшесіне Өсиет;
      Әл-Фараби ауданы Тұран шағынауданының атауы жоқ көшесіне Дастан;
      Әл-Фараби ауданы Тұран шағынауданының атауы жоқ көшесіне Сұңқар;
      Әл-Фараби ауданы Самал-2 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ақ маржан;
      Әл-Фараби ауданы Қайтпас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Көркем;
      Әл-Фараби ауданы Қайтпас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Жадыра;
      Әл-Фараби ауданы Қайтпас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Аққайнар;
      Әл-Фараби ауданы Қайтпас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Жас қанат;
      Еңбекші ауданы Қаражол шағынауданының атауы жоқ көшесіне Баянды;
      Еңбекші ауданы Қаражол шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ажарлы;
      Еңбекші ауданы Қаражол шағынауданының атауы жоқ көшесіне Лашын;
      Еңбекші ауданы Қаражол шағынауданының атауы жоқ көшесіне Тұлпар;
      Еңбекші ауданы Қаражол шағынауданының атауы жоқ көшесіне Қызғалдақ;
      Еңбекші ауданы Қаражол шағынауданының атауы жоқ көшесіне Жұпарлы;
      Еңбекші ауданы Қаражол шағынауданының атауы жоқ көшесіне Абзал;
      Еңбекші ауданы Қаражол шағынауданының атауы жоқ көшесіне Майбұлақ;
      Еңбекші ауданы Шапағат шағынауданының атауы жоқ көшесіне Жалын;
      Еңбекші ауданы Нұртас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Жасыл желек деген атаулар берілсін.
      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Б. Ахметов
      Шымкент қаласының әкімі                    А. Жетпісбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы                   Н. Джарболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады