2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы N 26 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 ақпанда N 14-2-66 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы N 788/04 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2011.05.11 N 788/04 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
      2. Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.Құлжабай) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған жергілікті бюджетте қоғамдық жұмысқа қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға ұйымдастыруды жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы Қазақстан Республикасындағы жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Арыс қалалық қаржы бөлімі (Т.Әшенов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Сұлтановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ш. Сатымбеков  

Арыс қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 8 қаңтардағы
N 26 қаулысымен бекітілген 

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылғандардың саны

1

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімі аппараттары

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

32

2

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімі аппараттары, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар

Жолдар құрылысы, оларды жөндеу

10

3

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу

30

4

Біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Ішкі істер бөлімі

Берілген өтінімдеріне сәйкес Біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі және Ішкі істер бөлімдерінің жұмыстарына қатысу

20

5

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараттары, қалалық мектептер

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу

30

6

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар

Тұрғын үй, шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету

50

7

Арыс қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік тұрғын үй жөнінен қызмет көрсету мекемелері

Аймақтық экологиялық сауықтыру, көріктендіру

40

8

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

188

9

Мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар

Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

30

      Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1 ай. Іс жүзіндегі сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі, 2009 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Жұмыссыздардың еңбекақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақымен ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа пайдалана алатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады