Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 16/101-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпанда N 14-2-69 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/59-V Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012.12.21 № 11/59-V Шешімімен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011.10.21 N 48/306-IV Шешімімен. 
      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011.10.21 N 48/306-IV Шешімімен.
      1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011.10.21 N 48/306-IV Шешімімен.
      2. Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011.10.21 N 48/306-IV Шешімімен.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Б. Тоқсейітов     

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ө. Керімқұлов

Арыс қалалық мәслихатының
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 16/101-IV шешіміне 1 қосымша

Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері 

      Ескерту. 1-Қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011.10.21 N 48/306-IV Шешімімен.

Қызмет түрлерінің тізбесі

Бір жолғы талонның құны (теңге)

1

Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда)
1) газеттер мен журналдар
2) тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшеттер)
3) бақша дақылдары
4) саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер
5) қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері
6) жануарлар мен құстардың жемдері
7) сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегі
8) Бал, саңырауқұлақ және балық

 
 
100
100
 
100
120
 
100
 
 
100
100
150

2

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі

400

3

Үй жануарлары мен құстарын бағу

150

Арыс қалалық мәслихатының
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 16/101-IV шешіміне 2 қосымша

Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері       Ескерту. 2-Қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011.10.21 N 48/306-IV Шешімімен.      

Тауар, жұмыс және қызмет түрлері

Бір жолғы талонның құны (теңге)



1.

Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер



1

Ұн, нан және нан тағамдары, кондитерлік тауарлар

150

2

Еттер

150

3

Сүт, айран, қымыз, қаймақ, құрт, қымыран

90

4

Көкөніс, жеміс-жидектер, азық-түлік тауарлары, заттар, майлар, сусындар (1 шаршы метр)

150

5

Құрғатылған жемістер

150

6

Қыстық, жаздық және басқадай мезгілдік сыртқы, ішкі киімдер, өндірістік трикотаж заттары, маталар, бас киімдер, аяқ киімдер, кілемдер, төсеніштер, жамылғылар, бағалы металдан жасалған заттар (2 шаршы метр)

200

7

Теле-радио, аудио-видео аппараттар, оның бөлшектері, музыкалық аспаптар, аппараттар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, мәдениет тауарлары

150

8

Кеңсе тауарлары, парфюмерия, косметика тауарлары, шұлықтар, носкилер, бижутерия, гирляндалар, ойыншықтар, сағаттар, шаруашылық-тұрмыстық заттары, тауарлары, электр тауарлары

120

9

Жеңіл көліктер, ауыл шаруашылық техникалары, автобустар, арбалар (1 кіріп шыққаны)

150

10

Мото-вело тауарлары, олардың қосалқы бөлшектері, автобөлшектер, балалардың коляскалары, сырғанақтар

100

11

Құрылыс материалдары, заттар

150

12

Ірі қара малдар, жылқылар, түйелер

150

13

Қойлар, ешкілер, есектер

100

14

Құстар мен аңдар, иттер

90

15

Жемдер (2 шаршы метр)

200

16

Гүлдер

150

17

Аяқ киім жөндеу және басқа да шұғыл тұрмыстық қызметтер көрсету

100

18

Ұсақ-түйек заттары, тауарлары

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады